Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Дерматомикоз – дерматофит дертіне шалдықтыратын, адамдар мен жан-жануарларда кездесетін микроскопиялық жұқпалы таз ауруы. Ол ауру адамнан және жануарлардан (мысық, ит, мүйізді малдардан) жұғады. Ол күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар арқылы ауру адаммен байланыс орнатқанда, үй жануары және қаңғыбас жануарларды күту кезінде таралуы ықтимал. Сонымен қатар, сауна, бассейн, монша, шаштараз, спорт кешендері секілді көпшілік орындарында жеке гигиенаны сақтамаса, ауру адамның тарағы, сүлгісі, бас киімі, аяқ киімі, жөкесі тәрізді жеке заттарын қолдану барысында жұғады.
Сондай-ақ, жануарлардан да жұғуы мүмкін. Жасырын формадағы микроспория түрімен ауырған мысықтар қауіпті инфекция көзі болып табылады. Дерматомикоздардың кең таратушылар қаңғыбас иттер мен мысықтар болып табылады.
Дерматомикоздың алдын алу үшін жеке гигиеналық заттарды қолданыңыз. Қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолыңызды мұқият сабынмен жуыңыз. Қаңғыбас жануарлардан аулақ жүріңіз. Үй жануарларын уақытылы мал дәрігеріне көрсетіп, тиісті дәрісін ектіріп тұруды назардан тыс қалдырмаңыз. Егер сіздің айналаңызда микоз ауруымен ауыратындар болса, жеке гигиеналық тазалыққа көңіл бөліңіз.
Індетті жұқтырып алған жағдайда не істеу керек? Ең алдымен үрейленбеңіз. Ауруды ұмытуға тырыспаңыз. Өздігінен жазылып кетеді деп қол қусырып отырмаңыз. Өз бетіңізше емделмей, тез арада дерматолог-дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер тағайындаған емді уақтылы алыңыз.
С.ӘШІРБЕКОВА,
№1 Шымкент қалалық емханасының дәрігер эпидемиологы