Витаминді кім ойлап тапты?

Oinet.kz 18-01-2019 2560

Жер бетіндегі алғашқы дәруменнің қалай пайда болғанын білесіз бе?  1893 жылы Голландия елінің дәрігері Христиан Эйкман Ява аралында бүгінде авитаминоз B1 атымен белгілі Бери-Бери ауруын зерттеуге кіріседі. Бірде ол дәл осы аурумен ауыратын адамдардан қалған күрішпен қоректеніп жүрген әтештерді көзі шалады. Көп ұзамай әлгі қораздар да Бери-Беримен ауыра бастайды. Жұмбақ жағдайдың шешімін табуға тырысқан дәрігер авитаминоз дертіне шалдыққандардың жеп жүрген тағамын тексереді. Сөйтсе олар қабығынан тазартылған күрішті жейтін болып шықты.

Screenshot_18.jpg

Жағдайды сүзгіден өткізген Христиан күрішті қабығымен жеу керектігін, күріш кебегінің ағзаға керектігін түсінеді. Мұны тексеріп көру үшін ауруға ұшыраған «қызыл бастарды» бірнеше күн күріш кебегімен қоректендіреді. Міне, ғажап, Эйкман қателеспепті. Кеше ғана әлсіреп жүрген қораздар бірнеше күннен кейін аяққа тұрып кетеді. 1929 жылы  Христиан Эйкман «Дәруменді ойлап тапқаны үшін» Нобел сыйлығымен марапатталады. Дәл осы тұжырымдамаға сүйенген Казимир Функ 1911 жылы күріштің қауызынан кристалл түріндегі амин затын (В1 дәрумені) бөліп шығарады. Бір жылдан кейін ғалым кристалды өніміне «vitamine» деген атау береді. Ол латын тілінен аударғанда «vita» (өмір), «amine» (азот) деген мағынаны білдіреді.  

Сұрақ-жауап. Құрамында есірткі бар дәріні қалай берген дұрыс?
Мысырлықтар жуынған ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу