Сұрақ-жауап. Құрамында есірткі бар дәріні қалай берген дұрыс?
Сұрақ:
Орталық бөлімшенің санитар бикесі қандай функциялық міндеттер орындауы тиіс?
Жауап:
Санитар бикенің негізгі міндеттерінің бірі медициналық ұйымдарын тазалау болып табылады.
Сондай-ақ мынадай міндеттерін атауға болады:
- шаруашылық бикесіне жылыту, сумен жабдықтау, арналық кәріз жүйелері мен электр аспаптарындағы ақаулықтар туралы хабарлау;
- науқастарды гигеналық ванна қабылдауда, киімдерін шешу мен киіндіруге көмектесу;
- науқастардың тамақтарын жылытуда көмек көрсету;
- науқастарға мәзірге сәйкес және емдәм бойынша тағайындалған тамақты ыстық күйінде тарату;
- және басқалар.
Мектептердегі медициналық пункттерде эпидемиологиялық жағдаят үшін кім жауап береді?
Сұрақ:
Біздің ШЖҚ МКК емханасында екі дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ мектептерде 10 медициналық пункті бар. Бұл филиалдардағы эпидемиологиялық жағдайға кім жауап береді?
Жауап:
Жалпы білім беретін мектептердің медициналық пункттері бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға бекітілген. Бұл норма медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатымен енгізілген. Мектептердің медпункттерін білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 2 желтоқсандағы № 1024 бұйрығымен бекітілген Жол картасының 17-тармағын орындау ретінде жүзеге асырылды. Осылайша, мектептердің медпункттері, филиалдар, амбулаториялар мен емхана құрамына кіретін басқа да құрылымдық бөлімшелер медициналық ұйым әкімшілігінің жалпы басшылығына бағынады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы «Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №19 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) 1 қосымшаның талаптарына сәйкес, инфекциялық бақылау комиссиясы туралы үлгілік ереже бойынша, госпитальдық эпидемиолог (медициналық ұйым эпидемиологі) үлгілік ереженің 9, 10 тармақтарында көрсетілген іс-шараларды жүргізеді. Қағидаларға 1 қосымшаның 2 тармағына сәйкес, барлық бөлімшелердегі инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалар медициналық ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалады. Осылайша, құрылымдық бөлімшелерде инфекциялық бақылауды ұйымдастыру үшін медициналық ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған тұлға, эпидемиологиялық жағдай бойынша – барлық қызметкерлер жауапкершілікте болады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына жол берген қызметкер және іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау үшін жауапты, бөлімшенің тікелей басшысы (немесе медициналық ұйым басшысының орынбасары) тәртіптік жауапкершілікте болады.
Барлық құқықтар, жауапкершілік пен міндеттер қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында тіркелген болуы тиіс. Лауазымдық нұсқаулықтар уәкілетті орган бекіткен үлгілік лауазымдық нұсқаулықтар негізінде әзірленеді, толықтырулар басшылықтың қарауы бойынша енгізіледі.
Құрамында есірткілік және психотропты заттар бар дәрілік заттарды қалай берген дұрыс?
Сұрақ:
Стационарлық науқастарға құрамында есірткілік және психотропты заттар бар дәрілік заттарды қалай берген дұрыс?
Жауап:
Тізімнің ІІ, ІІІ кестелеріндегі (ҚР-ның 1998 жылгы 10 шілдедегі №279-І Заңына 1-қосымша) құрамында есірткілік заттар, психотропты заттар бар дәрілік заттарды басқа дәрілерден бөлек береді. Науқас дәріні берген сәтте, қатаң түрде медициналық персоналдың бақылауымен қабылдайды. Ауызбен қабылдау, трансдермальды терапевтикалық жүйелерді (бұласыр, үлдір) салу медициналық бикенің, инъекциялар енгізу – дәрігердің қатысуымен жүргізіледі. Мұндай ережелер ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 26 қаңтардағы “Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткіні, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы” № 32 бұйрығының (бұдан әрі – Қағидалар) 16-тармағымен белгіленген.
Денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшелерінде (кабинеттерінде) құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын бар дәрілік заттардың заттаңбаларын ауыстыруға, өлшеп орауға, шашыратуға, басқа қаптамаға (ыдысқа) құюға және ауыстырып салуға тыйым салынады (Қағидалардың18-тармағы ).
Денсаулық сақтау ұйымдарындағы сақтауға арналған орындарда және кезекші дәрігерлер мен мейіргерлердің постыларында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жоғары бір реттік және тәуліктік дозаларының кестелері, сондай-ақ олармен уланған кездегі у қайтарғылар кестесі ілінеді (Қағидалардың17-тармағы ).
Дезинфекциялық ерітіндімен жұмыс істеу кезінде алдын ала сақтықтың қандай іс-шараларын сақтау керек?
Сұрақ:
Дезинфекциялық ерітіндімен жұмыс істеу кезінде алдын ала сақтықтың қандай іс-шараларын сақтау керек?
Жауап:
Дезинфекциялаушы заттар тітіркендіруші және уыттылық әсерге ие. Сондықтан олармен жұмыс істеген кезде алдын ала сақтық шараларын сақтаған жөн. Дезинфекциялық құралдармен жұмыстардың бәрін халат, телпекше, қажет болған кезде алжапқыш, көзілдірік пен респиратор киіп, жүргізеді. Қолдардың терісін қорғау үшін резеңке қолғаптар пайдаланылады. Ерітінділерді абайлай отырып, дайындайды, көзге, тері мен асқазанға шашырауына және түсуіне жол берілмейді. Кездейсоқ түсу немесе улану кезіндегі алдын ала сақтану іс-шаралары нақты дезинфекциялаушы құралды қолдану жөніндегі нұсқаулықта жазылған.
Дезинфекциялық құралдың қолайсыз әсер етуін болғызбау үшін мыналар талап етіледі:
1. Персоналды дезқұралдармен жұмыс істеуге үнемі үйрету.
2. Жұмыс орындарында мынадай ақпараттары бар стендіні ілу:
- дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеген кезде пайдалану реті мен қауіпсізідік іс-шаралары туралы;
- жұмыстық ерітінділерді дайындау ережелері туралы;
- көзбен шолып және экспресс-бақылаудың мерзімділігі туралы.
3. Жұмыстық ерітінділерді дайындау кезінде нақты дезинфекциялық құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың қатаң сақталуын бақылау.
Бөлімшелерде дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеу ережелері мен оларды пайдалануды ұйымдағы дезинфекциялаушы іс-шаралар үшін жауапты қызметкер бақылайды.
Медбике мен шаруашылық бикесінің міндеттерін қоса атқаруға бола ма?
Сұрақ:
Ауылдық аурухананың медициналық бикесі 0,25 ставкадағы шаруашылық бикесінің лауазымын қоса атқарды. Енді өз бастамасымен шаруашылық бикесінің штатында қалғысы келеді, бұл жөнінде өтініш бермекші. Бұл жағдайда Еңбек кодексінің қандай бабын қолдануға болады?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабына сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы (56 тармақ).
Көрсетілген жағдайға орай, медициналық қызметкер негізгі жұмысқа медициналық бике лауазымына қабылданғаны анықталып отыр, онымен медициналық бикенің еңбек функцияларын орындауға еңбек шарты жасалған.
Негізгі жұмысынан бос уақытында медициналық бике қоса атқарумен 0,25 ставкадағы шаруашылық бикесінің қызметтік міндеттерін орындаған. Іс-тәжірибеде лауазымдарды қоса атқару еңбек шартын жасасудың орнына, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормалары талап ететіндей, медициналық ұйымның бірінші басшысы шығарған акті (бұйрығы) негізінде орын алуы мүмкін. Осыған орай, медициналық қызметкер еңбек қатынастарын «медициналық бике» лауазымы бойынша тоқтатқысы келген бұл жағдайда ҚР Еңбек кодексінің 56 бабына сәйкес, ол бұл туралы жұмыс берушіні жазбаша түрде, кем дегенде 1 ай бұрын хабардар етуі тиіс (мерзім тараптардың келісуімен қысқартылуы мүмкін). Бұл жағдайда еңбек шартының тоқтатылуы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 49 бабы, 5 тармағының негізінде – еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша тоқтату орын алады.
Егер қоса атқарылатын жұмыс ауылдық аурухана бас дәрігерінің бұйрығы бойынша орын алса, бұл «шаруашылық бикесі» лауазымындағы еңбек қатынастарын жалғастыру үшін жеткіліксіз. Бұл жағдайда лауазымдарды қоса атқару туралы бұйрықтың күші жойылады. Ал медициналық қызметкер жұмысқа еңбек шарты талаптарымен негізгі қызметкер ретінде қабылдануы тиіс.