Темекі тартатындар көп ауырады

Oinet.kz 18-01-2019 782

Screenshot_16.jpg

Лондон университетінің ғалымдары күніне тіпті бір ғана темекі шеккен күннің өзінде адамның жүрек-қан тамырлары ауруын жеделдетіп, инсульт алу қаупін 50 пайызға арттыратынын анықтады. Бұл туралы The BMJ журналында жарияланған мақалада айтылады. 

Зерттеушілер темекінің адам денсаулығына тигізетін зияны жайлы жазылған 140-тан аса ғылыми жұмысқа сараптама жүргізген. Күнделікті 20 темекі шегіп, оны бір темекіге қысқартқан адамдардың 50 пайызы өмірлеріне қауіпті аурулардың пайда болуын азайтқаны белгілі болды. Сондай-ақ, зерттеу барысында темекі шегетіндердің 48 пайызының жүректің ишемиялық ауруына жиі шалдығатыны анықталды. Мұнымен қоса, мамандар әйелдерге де темекі шеккен жағдайда осы ауруларға жиі шалдығуы мүмкін екенін ескертеді. Күніне 20 темекі шегетін әйелдердің де инсультке шалдығуы жиілеген. 

Lenta.ru мәліметінше, америкалық ғалымдар 2017 жылы жариялаған зерттеу қорытындысында кейбір кездерде ғана темекі шегетін адамдардың да күніне 20 дана темекі шегетіндер сияқты жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығатынын дәлелдеген еді.

Адам неге тамақты көп жейді? (5 себебі)
Сұрақ-жауап. Құрамында есірткі бар дәріні қалай берген дұрыс?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу