Адам неге тамақты көп жейді? (5 себебі)

Oinet.kz 18-01-2019 2560

Ұлыбританияның Сассекс университетінің маманы адамдарда неліктен ашқарақтық пайда болатынын айтып берді, - деп жазады The Conversation. Дженни Моррис бұл зиянды әдеттің бес себебін атады.

Screenshot_14.jpg

Маманның пікірінше, бірінші кезекте тамақ неғұрлым үлкен үлеспен келсе, адам соншалықты көп жейді.  

Екінші кезекте дастарханға түрлі тағамды молынан қою. Мәселен мерекелік дастарханға отырған адам әдеттегіден төрт есе көп жейді екен.  

Келесі кезекте дастархан басында отырып, гаджеттерді қолдану, теледидар қарау және кітап оқу. Мұндай сәттерде адам тойғанын толық түсінбей, артық тамақ жейді. 

Тамақпен бірге алкоголь ішімдіктер ішу де осындай әсерге ие екен, бұл төртінші себеп.  

Тамақты артығырақ жеудің тағы бір себебі, оны көпшілікпен бірге қабылдау. Мұндай кезде "еліктеу әсері" іске қосылып, адам қасында отырғандарға ұнаған тағамдарды да татып көру арқылы артық жейтін болып шықты.

Адам неге түшкіреді?
Темекі тартатындар көп ауырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу