Қатерлі ісікке шалдыққан дәрігер күнделігі
Андрей Павленко-Ресейдің үздік онколог-хирургтарының бірі. Біршама уақыт бұрын ол асқазан обырының агрессивті түрімен ауырғанын біліп, "Такие дела" басылымымен бірге аурудың ағымы туралы сайтты іске қосты. Эндрю оның жобасы қанша уақытқа созылатынын білмеді. Медициналық көмек жүйесін өзгерту үшін барлық мүмкіндіктерді жасап көруге бекінген. Андрейдің жазбаларына зер салайық!
Асқазан обырын анықтау оңай ма?
Менің мамандығым- хирург-онколог, қазіргі уақытта онкологиялық орталығы базасында көп салалы клиниканы басқарамын. Орталық " Санкт-Петербург мемлекеттік университеті жанындағы Н. И. Пирогов атындағы жоғары медициналық технологиялар клиникасы "деп аталады. Мен обырға шалдыққан науқастарды бақылаймын және ота жасаймын. Менің ойымша, осы уақытқа дейін 2000 науқасқа көмек көрсеттім. Сондай — ақ, мен клиникалық ординаторларды оқытамын.
Барлығы асқазан жайсыздығынан басталды, аш қарынға ауырсыну пайда болды. Мен белгілі бір препараттарды қабылдай бастадым,содан кейін гастроскопияға бардым, оның барысында ісік анықталды. Содан кейін биопсияны алып, бір тәуліктен кейін мен компьютерлік томографияны жасадым, оның мәліметтері бойынша, бұл жағдайдың өте күрделі екенін түсіндім.
Мен 39 жастамын, бұл тіпті асқазан обыры скрининг үшін жас емес.Менің жұмысымда обыр жайлы түрлі мәліметтер белгілі. Ерте кезеңде оны диагностикалау мүмкін емес: асқазан қабырғасы бірнеше қабаттан тұрады, ал ісік жасушаларының өсуі терең базальды қабатта болды. Менің жұмыс кестем бар, және барлық дәрігерлер сияқты дұрыс тамақтану қиын. Менің тамақтануым дұрыс болмағандықтан асқазада жара болуы мүмкін деген ой менің обырға шалдыққаныды анықтауға көмек берді.
Үшінші сатыда және неоадъюванттық емдеудің тиімді жүргізуінде (химиотерапия, сәулелік терапия және гипертермия негізгі емге, операцияға дейін тағайындалатын емдеу) менің 45% яғни 5 жыл және одан да көп өмір сүру мүмкіндігі бар. Өмір сүруге мүмкіндік 50 %-50%.
Менің іс тәжірибемде обырға шалдыққан ең жас ер кісі-32, әйел адам-29 жаста болды. Әйелдің құшағында 3 жасар баласы болды. Екі адамда да өлім мерзімі тым жақын болды. Арадан 3 ай өткен соң әйелдің бақиға аттанғанын естідім.
Қарапайым адамдардан бөлек дәрігерлер де онкологиялық дерті жайлы естігенде үрейленеді. Мен қанша адамға ауруы жайлы толқып жеткізсем де, өз ауруым жайлы есу ауыр соққы болды. Көзімнен жас өздігінен аққан сәтте өмірдің нарқын шынайы сезіндім.
Менің науқасымды жақындарым қалай қабылдады?
"Обыр" диагнозын естігенім қарапайым адамға қарағанда оңай болған шығар, себебі мен осы аурумен күн сайын кездестім. Бірақ алғашқы бірнеше секундта өте алаңдатты. Шынымды айтсам, мен өте тұрақты психологияға ие адаммын. Денемнен ток жүріп өткендей сезім болды. Бірақ бұл бір минуттан кейін өтті.
Әйеліме гистология алған күні диагноз туралы айтып бердім. Біз балаларға бірдеңе сатып алу үшін дүкендерге баруға келістік,және сауда орталығының алдында машинада мен оған асқазан обыры бар екенін айттым. Ол қабылдай алмай, жылап қорықты. Мен оны тыныштандырдым. Ол қазір барлығын қабылдай алғандай түр көрсетіп жүр.
Қызым-он үште, ұлым-алты жаста. Сіз науқас болғанда, перзенттеріңіз ол сырқатты тұтастай түсіне алатын болса-қасірет. Әйелім қызымның түнде жастыққа тұншығып жылайтынын айтқанда ауыр сезімде болдым. Ол ішкі сезімін маған білдірісі келмейді. Менің көзіме жас әкелетін жалғыз фактор-перзенттерімнің реакциясы.
Әріптестерім диагнозымды естігенде таң қалды. Біздің қатынаста сызат түсіруі бек мүмкін мәтіндерде хабарлама жолдағандары да болды. Барлығын жылы қабылдауға тырыстым. Обыр дертімен күресте өкінерім жоқ. Шәкірт тәрбиелеу мәртеесіне ие болдым, қанша адамның науқасымен күресуіне көмек көрсеттім.
Бірде жұмысқа келсем барлық ер қызметкерлер қалпақ киіп алыпты. Неліктен бұлай жасағанын түсіне алмадым. Барлығы қалпағын шешкен мезетте кеудеме өксік толды. Олардың барлғы мені ерекшелендірмей шаштарын тақырлап алыпты. Біз біргеміз! Мен олардың шынайы жақсы көру сезімін түйсінген едім.
Барлығын білу
Әрдайым адамдарды емдегенде, олардың орынына өзімді қойып көретінмін. Бірақ олар бастан кешірген сезімді өзім сезінемін деп ешқашан ойламағанмын. Адамдар науқасқа шалдыққанын білгенде, науқастың тұтастай қандай екендігін білуге қызығуы сирек кездесетін. Барлық науқас тек отбасылық мәселелері мен орындалмаған жоспарларын айтып жан күйдіретін. Обыр жайлы барлығын біліп, сырқатқа шалдықсаң, р кезеңге сай жоспар құруда қателеспейсің.
Обыр екеніңді білгеннен кейінгі жоспар құру
Не істеу керек? Көп науқастың жауабы «Ештеме!» бұл пікірдің соңы-өліммен аяқталады. Шарасыз адамды көрсең, жігерің күйрей түседі. Күресуді таңдайтындар ем алады. Әрі аурудың әр сатысына жоспарлар құра бастайды. Екінші типтегі адамдарда тірі қалуға мүмкіндік көп.
Мен дертім жайлы білген соң, екі күн өткізіп жоспар құрдым.
1. Мен-қоғамға қажет маманмын. Менде барлығы дұрыс болмаған жағдайда орнымды баса алатын маман дайындадым.
2. Барлық адамдарға психологиялық көмек көрсетту үшін медиакеңістікте онлайн күнделік жүргізгім келді.
3. Отбасыма көбірек көңіл бөлуге тырыстым.
4. Ем алуым қажет!
Андрейді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі
P.S. Бесінші қаңтар күні Андрей Павленко көз жұмды. Ол өзінің науқас меңдеген ағзасын өзгерте алмаса да, адамдардың обырға шалдыққан науқаспен қатынасы жайлы түсінік қалыптастыра білді. Мыңдаған емделушілерге көмек қолын созды. Миллиондарға үміт сыйлады. Асылзат Арыстанбек айтқандай : "Өмір-өліммен дос болу". Өліммен қастасқанда емес, достасқанда ғана мән сезіну патенциалымыз артады.
Жібек ИСМАЙЛОВА