Адам неге қартаяды?
Адамның қартаюы-биологиялық құбылыс ретінде қарастырылады.
Сыртқы тұлға мен деннің саулығындағы ерекшеліктер қартаюдың негізгі белгісі боп саналады. Шаштың ағаруы, бет-мойын терісіне әжімнің түсуі, шаршау- қартаю процессінің айқын көрінісі.
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазіргі биохимия мен молекулалық биологияның дамуы ғылыми негіз жасауға ұмтылады. Мүмкін, қартаю- молекулалық процестер деңгейіндегі тозу нәтижесі, яғни молекулалық зақымдану. Молекулалық зақымданулар қартаю тудыруы туралы көптеген теориялар бар, бірақ көпшілігі бұл еркін зақымданулар деп қарастырады. Қартаю-бұл зақымдануды жинақтау процесі екенін дәлелдер ерте пайда болды. Егер сіз белоктар мен ДНҚ, зертханалық жануарлардың немесе егде адамдардың липидтеріне қарасаңыз, зақымданудың жинақталуын көресіз.
Пластикалық ота сыртқы зақымдануды өңдегенімен, адамдардың ішкі ағзаларындағы өзгерісті қалыпқа келтіру мүмкін емес.
Ғалымдар қартаю процессінің ерте бастауын қоршаған ортамен байланыстыруға тырысқанмен ол теория негізсіз болды. Экологиялық мәселелер, тұтынатын тағамнның табиғи болмауы -себеп емес. Зертханалық жағдайда егеуқұйрықтарға зақымдануға қарсы өнімдер ұсынылады. Алайда егеуқұйрықтар табиғи процестерге бейімделіп кетеді.
Қазіргі ғылымның тұжырымына сенсек, қырық жастан асқаннан кейін адамның тәніндегі бағана жасушалары (стволный клетки) бөлінбейтін болады. Қартаю дәл осыдан пайда болатын сияқты. Қартаюдың себебі — біздің өз гендеріміз. Ол біздің гендеріміз ақаулы болғандықтан емес, олар нашар жұмыс істейді немесе мутация пайда болады.