Сарымсақтың денсаулыққа пайдасы

Oinet.kz 25-12-2019 2512

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын жер бетінде 50 миллион қайтыс болады. Соның 16 миллионы инфекциялық және паразитарлық аурулардан көз жұмады екен. Бұл аурулардың тобы қазіргі адамзат өлімі себептерінің ішінде жетекшілердің бірі болып отыр. Әлемдегі аурулар саны бойынша, ішек гельминтозының жұғуы қауіпті дерттердің алғашқы үштігін қорытындылайды.

 Screenshot_9.jpg

Жұмыр құрттар типінің жиырма мыңға жуық түрі бар. Қазақстанда да паразиттік аурулардың кең таралуы денсаулық сақтау саласындағы мамандарды алаңдатып отыр. Сондықтан, ішек құрт ауруына шалдыққан жасөспірімдердің ағзаларын қалпына келтіру, яғни ішек құрттарын ағзадан түсіру мақсатында зерттеулер, сонымен қатар емделушілермен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыстар жүргізу өте маңызды.

Адам ағзасында пішіні мен мөлшері әртүрлі ішек құрттары тіршілік етеді. Ішек-құрт ауруы паразитарлық ауруға жатады. Оны жұқтыру өте оңай. Олардың жұмыртқасы барлық жерде болады. Балалар көбіне серуенде жүргенде, дүкенге барғанда, балабақшада жиі жұқтырады. «Ауру – астан» деген сөз тегін айтылмаған. Адам ауруды өзі тұтынатын тағамдардан табатыны да анықталған. Құрттардың көпшілігі ағзаға тамақ арқылы түседі. Мысалы, етті, балықты шала пісірген кезде, ішек құрттары тіршілігін жоймайды екен. Шала қуырылған, аз қайнатылған тағамда олар тірі қалады да, ағзада да тіршілігін жалғастыра алады. Көбейіп, дами түседі. Балалар жақсы көретін «кириешки», «чипсыларда» да майда құрттар бары анықталған. Ішек құрттар өте өсімтал келеді. Ішек құрттардың таралуына кір қол (тырнақтар), лас киім, төсек-орын, сонымен қатар көкөністер мен жемістерді жумай жеу де себеп болады. Паразиттер енген ағзаларынан дайын тағамдық заттармен қоректеніп, у бөледі. Бөлінген улар бүкіл ағзаны улап түрлі ауруларға шалдықтырады. Әсіресе олар сәби ағзасына тез еніп, ыңғайланып орналасып алады. Бұл адам денсаулығына, бала ағзасының дамуына кері әсерін тигізеді.  

Ішек құрт ауруының басты белгілері:

- балдардың бойында әлсіздік, бас ауру, лоқсу байқалады;

- көзінің асты қарайып, бетін, денесін ақшыл дақтар басады;

- түнгі ұйқы кезінде тістерін қайрайды;

- бі¬реулерінде қатты жүдеу байқалады;

- баланың асқа тәбеті болмайды; 

- бала тәттіқұмар болып, таңертең ауыз қуысынан жағымсыз иіс байқалады;

- асқазан, кіндік тұсының ауыратынына шағымданады;

- бала үнемі «анус» аймағының төмен тартып ауырғанына және қышитынына шағымданады.

Бұл белгілер жас балаларда ішек құрттарының бар екендігінің дәлелі. Ішек-құрт аурулары кейде сырттай білінбегенімен, адам ағзасына көп нұқсан келтіреді. 

Ішек құртарын емдеуге ең тиімді зат – сарымсақ. Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Оның шипалы қасиеті ерекше химиялық құрамына байланысты. Мұнда B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, темір, кальций, хлор, көмірсулар, марганец, мыс, А, В1, С, РР және тағы да басқа микроэлементтер бар. Көп бөлігі судан, көмірсулардан және ақуыздардан тұрады. Құрамында азғантай мөлшерде эфир майы да кездеседі. Сарымсақта кездесетін табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактериялардың көзін жояды.

Сарымсақ ерте кезден-ақ халық емі ретінде қолданылған. Сарымсақ өзінің құрамындағы аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен.

Күн сайынғы тамақта 10-15 грамм сарымсақ жеп тұру денсаулыққа өте пайдалы. Сарымсақ пияз секілді ауыз қуысымен асқазан жарасына зиянын тигізбейді. Адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын төмендетеді.

Асқазан-ішек жолдарына, жүрек, талма ауруларына ем. Микробтарды жояды, ауруды басады, жараны тез жазады, қақырықты түсіреді және қанды тазалайды.

Ішек-құрт ауруларымен ауыратын 8 жасқа дейінгі  балаларға мынандай ем-шара қолдану тиімді: 0,5 литр сүтті пісіріп, оған 1 бас сарымсақты турап, жай отта қайнатып, жылы күйінде жатар алдында ішінде құрты бар балаларға ішкізу керек. Азанда 1 литр сүтті жылытып, 1 бас сарымсақты үккіштен өткізіп,  сүтпен араластырып клизма жасау қажет. 

Дертке дауа болатын сарымсақ, біріншіден, денсаулықты нығайтуға септігін тигізеді. Екіншіден, дcріханаға барып, ауруына шипа болатын әр түрлі дәрі-дәрмектер сатып алғанда, кейбір халықтардың қаржы жағынан қиналатыны шындық. Ал сарымсақ бізге қол жетімді. Сарымсақпен көптеген ауруларды емдеуге болады.

А.ХУДИЯРОВА, 

Түркістан медицина колледжінің оқытушысы

Гаймориттен қалай емделуге болады?
Қанды неге төртінші саусақтан алады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу