Ішімдік зияны

Oinet.kz 14-12-2019 1990

Арақ ішкен адамның отбасында береке-бірлік болмайды. Қоғамға да, елімізге де зияны көп. Ішке түскен алкоголь 2 минуттан соң қанға өтеді. Қан оны организмнің барлық клеткаларына таратады. Бұдан ең алдымен үлкен ми клеткалары зардап шегеді. 

Screenshot_19.jpg

Алкоголизм әдет емес, ол – ауру. Әдет сана-сезім бақылауында болады, одан құтылу оңай. Ал организм уланып кеткендіктен, алкогольге құмарлықты жеңу өте ауыр. Алкогольді пайдаланатын адамдардың шамамен 10 пайызы маскүнем болады. 

Организмге сіңген алкоголь бірден жойылмай, оның зиянды әсері 1-2 тәулікке дейін сақталады. Сондықтан күн сайын жарты литрден жүзім шарабын немесе сыра ішкен адамдар ұзақ уақыт алкогольмен уланған халден айыға алмайды. Сырада алкогольден басқа көптеген көмірсулар болады. Ол лезде майға айналады. Сыраны көп ішетін адамға денесінің толықтығын денсаулық белгісі деуге болмайды. Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемдік тұқым да қуаламайды. 

Сондықтан да әрбір азамат, ата-ана, мұғалім, тіпті тәрбиешінің өзі жас буынға балабақшадан бастап ішімдіктің зиянын түсінікті тілмен түсіндіріп, саламатты өмір салтын ұстанудың жолдарын үйретіп, соған баулу керек. Өйткені, ішімдікті бір рет пайдаланған адамның өзін қайта қайтару, жолға салу оңай шаруа емес. Ұрпағымыз ұлағатты болсын десек, жоғарыда аталған мәселеге байланысты жұмыла күш біріктіріп, белгілі бір жүйеде жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін ең алдымен өзіңіз ішімдіктен бас тартыңыз!

Н.АМАНГЕЛДІ, 

№3 Шымкент қалалық емханасының бөлім меңгерушісі,  СӨСҚ дәрігері

Әлем елдерінде науқасты қабылдауға қанша уақыт кетеді?
Дәрігерге ағылшын тілін білудің пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу