Адамдар қан топтарына қарай қандай ауруларға шалдығатыны анықталды
АҚШ-тың Вермонт университетінің ғалымдары ойлау қабілетіне кері әсер ететін қан тобын анықтады. Зерттеу жұмыстары үш жыл бойы жүргізілген. Оған 30 000 мың адам қатыстырылыпты.
Мамандар адамдардың қан топтарына қарай қандай ауруға тез шалдығатынына бақылау жүргізген.
Қаны I топқа жататын адамдар жүрек ауруларымен көп ауырмайды екен.
Қаны IV топқа жататын адамдар мұндай ауруларға көбірек шалдығатын болған. Сондай-ақ, бұл топтағы адамдардың еске алу және ойлау қабілеті төмендеу болған.
Ал, қан тобы II және III болатын адамдардың қандай да бір ауруларға бейімділігі анықталмапты.