Интернет – жүйке жүйесін зақымдайды

Oinet.kz 10-12-2019 1005

Швецияның Ericsson компаниясы Mobility Report атты зерттеуін жария етті, онда интернет байланысының сапасы мен оның ұялы байланыс операторы абоненттеріне әсері қарастырылған. 

Screenshot_16.jpg

Cnews сайтының хабарлауынша, онлайн видеоның алты секундқа кідіруі пайдаланушыға математиканың күрделі есебін шығару немесе құбыжық туралы кино көрумен әсері бірдей стреске шалдықтырады екен. 

Зерттеушілер интернеттің баяулығына қатысты адамдардың эмоциялық реакциясын нейротехнологиямен бағалаған. Бұл кезде сынақтан өтуге қатысқандар смартфонды пайдаланған. Сайтты және видеоконтентті жүктеу кезінде туындаған кідіріс салдарынан пайдаланушылардың 38 пайызының жүрек соғысы жиілеп, жүйке жүйесі сыр бере бастаған. 

Зерттеу қорытындысында, жүктеу жылдамдығы жақсы болса тұтынушылар сенімі 4,5 сатыға жоғарылайды, ал кідірісі көбейсе бұл көрсеткіш 4 сатыға төмендейді деп көрсетілген. Яғни, қызмет сапасына көңілі толмаған клиенттер басқа операторға ауысуды ойлай бастайды.

Ұрысқақ, көкбеттерді аяу керек
Адамға не үшін ем қонбайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу