Адамға не үшін ем қонбайды?

Oinet.kz 10-12-2019 1145

Адам ауырып қалған жағдайда дәрігер жағалап, дәрі қабылдап, ең арасы бақсы-балгерге дейін жүгініп кетіп жатады. Дегенмен, көбіне бұдан ем болмай, науқас өмірден түңіледі. «Бармаған жерім қалмады. Ешқандай ем қонбады» деп бұл өмірден күдерін үзетіндер де аз емес. Әйтсе, науқас асықпағаны жөн. Ол ем қабылдардан бұрын, алдымен өзінің денесіндегі Ауа-От-Су атты үш ерекшелікті түсінуі шарт. Сонымен, бұл не қылған үш ерекшелік? 

Screenshot_17.jpg

Пәндік әлемде бес элемент қайда болмасын бар (топырақ, су, от, ауа, эфир). Осылардың арқасында адамдар әр түрлі жан иелері мен заттарды көреді. Аталған бес элементтің негізінде, адам болмысының үш ерекшілігі анықталады. Үш ерекшелік – адам ағзасындағы болатын барлық биологиялық, психологиялық, денедегі болатын өзгерістерге, ақыл-еске жауапты. Олар – табиғи қажеттілікті, жеке-дара адамның тамаққа, дәмге, температураға бейімделуіне де жауапты. Сондай-ақ жаңадан пайда болуға (ассимиляция), зат алмасуына (метаболизм), ыдырауға (катаболизм), қалдықтарды шығаруға, мінез-құлықтың қалыптасуына да жауапты. Сонымен, Су-От-Ауаның үш ерекшелігі – мінез-құлықтық (психикалық) және тәндік негіз. Барлық үш ерекшелік зат алмасу ағымын басқарады. Ауа – ыдырауға (катаболизм, диссимиляция), От – зат алмасуға (метаболизм), Су – жаңадан жасауға (анаболизм, ассимиляция) жауапты. 

Ауа ерекшелігінің тепе-теңдігі бұзылғанда, зат алмасу ағымы бұзылып, ыдырау ағымының қалдықтары көбейеді де ағзадағы тінді бұза бастайды. Жаңа жасушалар пайда болып (анаболизм) ыдырау (катаболизм) бәсеңдегенде ағза қалпына келеді. Жас баланың денесінде 20 жасқа дейін өсу басым. Сондықтан да алған жарақат, кәрі адамдармен салыстырғанда жылдам жазылып кетеді. Оттың шектен шығуында да зат алмасу ағымы бұзылады, ал, Су тепе-теңдіктен тайқып, арнасынан асқан кезде жаңадан жасушалар пайда болады, тіннің мөлшерден тыс өсуіне жағдай жасалады (ісік, сүйек өседі, май жиналады, артық заттар т.б.). Бала жаста өсу тән, ал Судың молаюы тіннің құралуы мен тәннің өсуіне жағдай жасайды. Ересек адамда От қуаты басым болғандықтан зат алмасу ағымы жақсы жүріп, өмірінің шабытты шақтарына сәйкес келеді. Қартайған адамда ыдырау ағымы жүріп, сүйектері бірте-бірте тозып, жиі сынып, қайта қалпына келуі қиындап, тәні біртіндеп ыдырап, бұзыла бастайды. 

Адам ауамен дем алған кезде танау тесіктері арқылы бүкіл тәніне тарап, дем шығарғанда газ алмасу ағымы жүреді. Адам тыныс алған кезде, ауа қанмен бірге өкпеге барады, осы арада керемет ғажайып болады. Оттегі улы заттар еріген, өлім әкелетін көмір қышқыл газын әкетеді. Адам тіршілік ағымындағы уларды шығарады. Оларды қан жинайды, қан көмір қышқыл газын өкпеге алып келгенде, әр жаңа жұтылған оттегімен, қан көмір қыщқылы газынан және оның құрамындағы улардан тазаланады. Егер адам жеткілікті мөлшерде таза ауа алмаса немесе жеңіл демалғанда кірген оттегінің мөлшері шыққан көмір қышқылының газының мөлшеріне сәйкес келмесе, онда ағзадағы улар мен көмір қышқыл газымен улануына мүмкіншілік береді. Бұл талай аурудың себебі болуы мүмкін. Ауа адам тәніндегі бес элементтердің ерекшеліктеріне таралады, әрбір элементтің ерекшелігі тәннің белгілі бір мүшесіне жауапты. 

Бұл жерде ерекшелік деген не? Ерекшелік – екі элементтің қосындысынан пайда болған нәзік қуат. Мысалы, ауа мен эфир тәнге дене ауасын береді. Эфирдің элементтері құлақта, танауда, асқазан-ішек  элемент жолдарында, ауызда, өңеште, өкпеде, сүйектерде, бас қуысында дененің барлық жерінде болып, бұлшық еттердің, сүйектердің, ішектің, жүрек соғысының қан тамырларының кеңейіп-кішірейуінің, қалдықтардың шығуының т.б. жалпы іс-қимылды басқарады. Ауа қозғалысынсыз ішкі мүшелер мен дене қимылының жұмысы тоқтап, осы фәни өмірдегі тіршілікке нүкте қояды. 

Адам тәні 24 элементтен тұрады. Бес тұрпайы: топырақ, су, от, ауа, эфир элементтері тұрпайы денені құраса, 19 элемент нәзік денені құрайды. Осында адамның іс-әрекетін басқаратын бес тұрпайы сезім мүшелері кіреді: ақыл, өре, сезім, адамның жалған «мені», кірленген сана. 

Топырақ – танау, мұрын, иіс сезу, шығару мүшелері;

Су – тіл, дәм сезу, бала табатын мүше;

От – көз, көру, аяқ; 

Эфир – құлақ, есту, бас;

Ауа – тері, жанасу, қол;

Жер иіс сезумен байланысқан, оның тұрпайы мүшесі мұрын. Мұрын арқылы топырақтың, жердің, гүлдің, тамақтың иісін сезеді. 

Су дәммен байланысқан, сусыз дәм сезу мүмкін емес. Адам құрғақ жемісті тілге салғанда, ылғалданбағанша дәмін сезбейді. 

От көрумен байланысқан, көз бояудың түрін анықтап, жүруді басқарады. Сондықтан да соқырлар біреудің көмегінсіз жүре, ал, саңыраулар сөйлей алмайды. 

Эфир естумен байланысқан, ортада дауысты қабылдап тұрады. Құлақ есту мүшесі ретінде, сөйлеу мүшесі арқылы іс-әрекетті білдіреді. 

Ауа жанасу сезімімен байланысқан. Бұл деген - тері,ал қол – іс-әрекет мүшесі. 

Сонымен, адам өз ағзасын толық танып-білмесе, оған ем қонбайды екен.

Интернет – жүйке жүйесін зақымдайды
Мультидәрумендер қабылдау пайдалы ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу