Бала құрсақта-ақ семіздікке шалдыға ма?
Артық салмақ қашанда көңіл күйді түсіреді. Көптеген толық адамдар артық салмақтан арыламын деп небір әдіс-тәсілдерде жүгініп жатады. Бұл әдістер көбіне денсаулыққа зиянын тигізіп жатады. Біреулер семіздікке артық тамақтанып душар болса, енді бірі құрсақта ұшырайды екен. Бұл қалай дейсіздер ме? Жақында Дәрігерлер жүктіліктің алтыншы айынан бастап құрсақтағы сәбидің семіздігіне болжам жасауды үйренді. Ғалымдардың зерттеуі 2016 жылдың 1 сәуірі күні АҚШ эндокринологиялық ұйымының кеңесінде таныстырылды.
Авторлар өз жұмыстарында екі мен алты жас аралығындағы толық (480 адам) және арық (783 адам) балаларды зерттеді. Зерттеу кезінде семіздікке шалдыққан балалардың құрсақта жатқан алтыншы айынан бастап бұған бейім бола бастағаны анықталды.
Бұрын ғалымдар дене салмағының индексін екі жасқа дейін есептемеуге кеңес беретін еді. Енді олар құрсақтағы сәбиге алты ай толғаннан бастап өлшеуге кеңес беріп отыр. Осылайша, ғалымдар семіздікке шалдығуды адам дамуының ерте кезеңінен бастап бақылауға алуды жоспарға алды.
Ересек адамдардың дене салмағының индексі бойы мен оның дене салмағының сәйкес келуі бойынша өлшенеді. Мысалы, дене салмағы 67 келі, бойы 1,7 метр болса индекс 23-ке тең.
Балалардың да ДСИ-і осылайша өлшенеді, бірақ жасына қарай даму ерекшеліктері ескеріліп, ол арнайы процентиль диаграммалардың көмегімен тіркеледі. Индекс 85-90 процентильден жоғары болса семіздікке шалдыққан болып есептеледі.