Қатерлі ісік ауруының ең негізгі себептерінің бірі

Oinet.kz 06-12-2019 2616

Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген кір жуатын тауарлардың құрамында 55 мыңнан астам ағзамызға қауіпті химиялық қоспалар бар. Олар көзге, тыныс алу жолдарына әсер етіп, жүйке жүйесі ауруларына шалдықтырады. Тіпті халық арасында «жаман ауру» деп аталып келе жатқан қатерлі ісік ауруына бірден-бір себепкер.Соңғы жылдары тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың  түрі өте көп. Түрлі хош иісті сабын, сусабын, гель, кір жуатын ұнтақ сияқты жуынуда, кір жуу процесінде қолданылатын заттардың құрамында әр-алуан химиялық қоспалардың бар екені шындық. Тұрмыстық химиялық өнімдер өміріміздің бір бөлшегіне айналды десек, артық айтпаймыз. Еуропа, Америка елдерінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде химиялық қоспасы бар өнімдердің адам ағзасы үшін қауіпті екені дәлелденді. Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен ілесіп, адам өміріне залалын тигізеді.

Screenshot_34.jpg

Мынадай бір жайтты айтып кету керек. Шетелдік  перзентхананың бірінде  қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеру барасында нәрестелерді ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасаған екен. Яғни, адам химиялық қоспалардың әсерінен  өліп кетуі ғажайып емес.

Тырнақты тістеудің зияны
Дене салмағы – адам денсаулығының айнасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу