Газдалған сусынның денсаулыққа зияны

Oinet.kz 06-12-2019 1328

Адам ағзасының 60%-ын су құрайды. Бойдағы су тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек. Кофе, көк шәй, газдалған, минералды сусындардың негізін су құрайды. Алайда, судан бөлек олардың құрамында басқа да заттар кездеседі. Соның бірі – газ. Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі әсер береді. Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. 

Screenshot_30.jpg

Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн. Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жаршасы сияқты асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шай ішкен жөн. Яғни газдалған сусындарды  ішу адамның денсаулығына залалы көп. Сол себепті газдалған сусынның орнына минералды сусындарды ішіңіз.

Қанттың денсаулыққа зияны
Күйзелістің адам ағзасына әсері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу