Адыраспан шөбінің денсаулыққа пайдасы

Oinet.kz 06-12-2019 1598

Адыраспан шөбі ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатпа суық тигенде, безгек ауруларына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауру-сырқауы бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады. 

Screenshot_13.jpg

Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы бас ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға көмектеседі. Сонымен қатар, белге суық тигенде адыраспан көмегімен емдеуге болады. Ол үшін кептірілген, ұнтақталған 50 грамм адыраспан шөбін шүберекке түйіп, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бер рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға қайталап салып төрт рет пайдалануға болады.

Скиринингтен өтудің пайдасы
Қолдағы сүйелді қалай кетіруге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу