Скиринингтен өтудің пайдасы

Oinet.kz 06-12-2019 1390

Әлемде жыл сайын 12 миллионға жуық адам бұл қауіпті ауруға шалдығады, олардың 7 миллионы осы дерттен көз жұмады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2020 жылы онкоаурумен аурып, қайтыс болу көрсеткіші екi есе ұлғаяды. Қатерлі ісікті бастапқы кезеңінде анықтау аса маңызды. Қазақстанда жыл сайын 30 мыңға жуық адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады екен. Медиктер онкоауруды дер кезінде анықтау үшiн скрининг тексеруден өтуге табанды кеңес бередi. Сонымен,

Screenshot_11.jpg

Скрининг деген не?

Скрининг - ерте кезеңде ауруларды және қауіпті факторларды анықтау, емдеудің тиімділігін арттыру және ауру асқынуының алдын алу мақсатында өткізілетін белгіленген жастағы дені сау адамдардың профилактикалық медициналық тексеруі. 

Скрининг көлемі қандай?

антропометриялық өлшемдер (бойы, дене салмағы, белінің өлшемі); 

артериялық қысымын өлшеу; 

40,42.44,46,48, 50, 52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы адамдардың көзіші қысымын өлшеу; 

18,25,30,35,40,42,44,46,48,50,52,54,56, 58,60,62,64 жастағы адамдардың холестерин мен қан глюкозасы деңгейін өлшеу; 

электрокардиография - көрсетілімдер бойынша; 

кардиолог, эндокринолог, офтальмолог мамандарының тексерулері - көрсетілімдер бойынша; 

қауіпті топтағы балаларға В және С созылмалы гепатиттері маркерлеріне қан талдаулары. 

Бұл тексерулер жүрек-қантамыр ауруларын, қант диабетін, глаукома, гепатит ауруларын және қауіпті факторларды, сондай-ақ инсульт, инфаркт, соқырлық, бауыр циррозы мен обыры сияқты ауыр асқынуларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. 

Әйелдер ісіктерді ерте кезеңде анықтау үшін қандай скринингті тексерулерден өту керек?

30,35,40,45,50,55,60 жастағы әйелдерде патологиялық өзгерістерді болдырмау үшін жатыр мойнынан жағындының цитологиялық зерттеуі; 

акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия - көрсетілімдер бойынша; 

50,52,54,56,58,60 жастағылардың сүт бездерінің рентгенологиялық зерттеулері (маммография); 

маммолог, онкологтың тексеруі - көрсетілімдер бойынша; 

50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы ерлер мен әйелдерге: 

жуанішек және тікішек ауруларын ерте анықтау үшін нәжісті жасырынды қанға тестілеу; 

хирург, проктолог, гастроэнтеролог мамандарының тексерулері, жуан және тік ішектердің эндоскопиялық тексерулері - көрсетілімдер бойынша; 

Мұндай тексерулер жаппай өткізілетін елдерде жатыр мойны, сүт безі және жуанішек обырынан өлім-жітім саны күрт төмендеді. 

Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізіліміне енгізілген. 

Скрининг Сіз тіркелген медициналық ұйымда өткізіледі. Қазақстан Республикасының әр азаматы жылсайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өту керек: 

балалар: педиатр тексеруі, қан мен несеп талдаулары, аспаптық зерттеулер; 

ересектер: терапевттің тексеруі;  

әйелдер: гинекологиялық тексеру, кеуде торының флюорографиялық зерттеуі, қан мен несеп талдаулары, көрсетілімдер бойынша арнайы мамандардың тексерулері. 

Диспансерлік есепте тұрсаңыз және созылмалы ауруыңыз болса Сізге тез арада дәрігеріңізге барып, оның нұсқауларын орындау керек!   

Скринингті тексеру жөнінде науқастар мен дәрігерлер нені білуі керек?

Халықтың мақсатты топтарына профилактикалық медициналық тексерулерді өткізу ережелері ҚР халқының мақсатты топтарына профилактикалық медициналық тексерулерді өткізу тәртібі мен мерзімін белгілейді. Халықтың мақсатты топтарының профилактикалық медициналық тексерулері - ерте кезеңде ауруларды анықтауға, ауру дамуының және қауіпті факторлардың алдын алуға, халық денсаулығын нығайтуға бағытталған скрининг тексерулері. Скрининг тексерулерін Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтің осы түріне лицензиясы бар медициналық ұйымдар өткізеді. 

Облыстардың, республикалық маңызды қалалардың және астаналардың мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары төмендегі шараларды қамтамасыз етеді: 

1) осы Ережелерге сәйкес халықтың мақсатты топтарына скрининг тексерулерін жыл сайын өткізу; 

2) скрининг тексерулері деректерінің электрондық базасын құру; 

3) скрининг тексерулерін үйлестіру, мониторинг пен талдау жасау бойынша тұрақты жұмыс комиссиясын құру. 

Ересектердің скрининг тексерулері төмендегі аурулардың алдын алуға және оларды ерте анықтауға бағытталған: 

1) қанайналым жүйесінің негізгі ауруларын – артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы; 

2) ерлер мен әйелдерде қант диабетін; 

3) әйелдерде жатыр мойнының ісікалды ауруларын, қатерлі ісіктерін; 

4) әйелдерде сүт безінің ісікалды ауруларын, қатерлі ісіктерін; 

5) ерлер мен әйелдерде глаукоманы; 

6) ерлер мен әйелдерде жуан және тік ішектерінің ісікалды ауруларын, қатерлі ісіктерін. 

Халықтың мақсатты топтарының скрининг тексерулерін өткізу тәртібі мен мерзімі қандай?

Скрининг тексерулерін және одан кейінгі динамикалық қадағалау мен сауықтыруды бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін (бұдан әрі – БМСК) денсаулық сақтау ұйымдары өткізеді: 

1) қала тұрғындары үшін – қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ведомстволық медициналық-санитарлық бөлімдер және меншік түріне қарамастан емханалар; 

2) ауыл тұрғындары үшін – медициналық пунктер, фельдшерлік-акушерлік пунктер, дәрігерлік амбулаториялар, аудандық емханалар, жинақылы бригадалар (арнайы автокөлік пен теміржол көлігі (поезд) бар жылжымалы жинақылы кешендер). 

БМСК ұйымдары: 

1) қызмет етілетін аумаққа тіркелген халықты есепке алып, скрининг тексерулерді өтетін мақсатты топтарды құрады; 

2) осы тексерулерді өткізу үшін бейімді медициналық ұйымдармен байланысады; 

3) скрининг тексерулерінен өту қажеттілігі туралы халықты хабардар етеді; 

4) амбулаторлық науқастың тексеру нәтижелерін медициналық картаға енгізіп, есепке алу құжаттарын, баланың даму картасын толтырады; 

5) ай сайын скрининг тексерулерінің талдауын өткізеді, тіркелген халық денсаулығын нығайту бойынша іс-шаралар құрады; 

6) скрининг тексерулерінің электрондық қорын құрып, ай сайын аумақтық медициналық ақпараттық-талдау орталығына жібереді. 

Өмірдің әртүрлі шағындағы балалардың мақсатты топтарының скрининг тексерулері (мамандардың тексерулері, аспаптық зерттеулер) осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес бекітілген мерзімде өткізіледі. 

Мектеп жасына дейінгі ұйымдастырылған балалардың, мектеп оқушыларының, орта мамандық және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі студенттерінің скрининг тексерулерін аумақтық БМСК ұйымының мамандары оқу орындарына барып өткізеді. Мұндай скрининг тексерулерін сол мекеменің медицина қызметкері (дәрігер, фельдшер, мейірбике) ұйымдастырады. 

Сәби үйінде, Балалар үйінде, мектеп-интернаттарда, мамандандырылған интернаттарда, жастар үйлерінде тәрбиеленетін балалар скрининг тексерулерін жылына екі рет өтеді. 

Нәрестелердің және ерте жастағы балалардың есту қабілеті бұзылуын анықтау скринингтері «Ерте жастағы балалардың есту қабілеті бұзылуын анықтау және скрининг ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі №478 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 5828 нөмірімен тіркелген) сәйкес өткізіледі. 

Балалар мен жасөспірімдердің скрининг тексерулері аяқталған соң педиатр-дәрігер, жасөспірімдер дәрігері, жалпы тәжірибе дәрігері мамандардың қорытындыларын және зертханалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін есепке ала отырып, балалардың денсаулығы күйіне кешенді баға беріп, «денсаулық топтарын» белгілейді: 

І топ – дені сау балалар, 

ІІ топ – дені сау, бірақ функционалдық және кейбір морфологиялық ауытқулары бар, жіті және созылмалы ауруларға төзімділігі төмен, ауру қаупі факторларымен балалар; 

ІІІ топ – компенсация күйіндегі созылмалы аурулармен ауырған, организмнің функционалдық мүмкіншіліктері сақталған балалар; 

ІV топ - субкомпенсация күйіндегі, созылмалы аурулармен ауырған, организмнің функционалдық мүмкіншіліктері төмендеген балалар; 

V топ - декомпенсация күйіндегі, созылмалы аурулармен ауырған, организмнің функционалдық мүмкіншіліктері біршама төмендеген балалар; 

ІІ, ІІІ, ІV,V топтарға жататын балаларды БМСК мамандары немесе бейімді мамандар динамикалық қадағалауға алып, сауықтыру шараларын өткізеді. 

Балалардың мақсатты топтары скрининг тексерулерінің нәтижелері Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 6697 нөмірімен тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (бұдан әрі - №907 бұйрық) бекітілген баланың профилактикалық медициналық тексеру статистикалық картасына енгізіледі (025-07/у нысанды). 

Скрининг тексеруінің нәтижелері бойынша медицина қызметкері әр балаға эпикриз толтырып, денсаулық тобын, дене және жүйке-психикалық дамуы, есту мен көру қабілеті бағалауын, дене шынықтыру тобы бойынша нұсқауларды көрсетіп қорытынды жазады. 

Өмірдің әртүрлі шағындағы ересектердің мақсатты топтарының скрининг тексерулері (мамандардың тексерулері, аспаптық зерттеулер) осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес бекітілген мерзімде өткізіледі. Егер осы ауру бойынша скрининг өткізілсе диспансерлік есепте тұрған адамдар скрининг тексерулерінен өтпейді. Қосымша диагностикалық зерттеулер және бейімді мамандардың тексерулері көрсетілімдер бойынша өткізіледі. 

Ересектердің мақсатты топтарының скрининг тексерулерінің нәтижелерін БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлері №907 бұйрықпен бекітілген (025-08/у нысанды) амбулаторлық емделушінің профилактикалық медициналық тексеруінің статистикалық картасына осы Ережелерге 3 қосымшаға сәйкес скрининг тексерулерін өткізу алгоритмдеріне сәйкес енгізеді. 

Скрининг тексерулері аяқталған соң БМСК дәрігері/ БМСК ұйымының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің дәрігері мамандардың қорытындыларын және зертханалық-диагностикалық тексерулер нәтижелерін есепке алып, ересек науқастарды төмендегі «денсаулық топтарына» бөледі: 

1) сау адамдар, ауру қаупі факторлары жоқ – еш шағым білдірмеген және тексеру барысында созылмалы аурулар, ауру қаупі факторлары немесе жеке органдар мен жүйелер функцияларының бұзылуы анықталмаған адамдар – ІА диспансерлік тобы (бұдан әрі – Д-ІА); 

2) сау адамдар, ауру қаупі факторлары бар – қауіп факторлары анықталған, «шекті» күйдегі, яғни қадағалауды және профилактикалық тексеруді қажет ететін науқастар (артериялық қысым өлшемдері және басқа да физиологиялық өлшемдер қалыпты мөлшерден біраз өзгерген) ІБ диспансерлік тобы (бұдан әрі Д-ІБ); 

3) дені сау адамдар – кейінгі бірнеше жыл ішінде жіті және созылмалы аурулармен науқастанған, бірақ ауру өршікпеген жағдайдағы адамдар – ІІ диспансерлік тобы (Д-ІІ). 

4) науқастар - емдеуді қажет ететін адамдар ІІІ диспансерлік тобы (Д-ІІІ). 

Д-ІА, Д-ІБ, Д-ІІ топтағы адамдарға ұсынылады: осы Ережеге қосымшаға сәйкес мерзімде БСМК ұйымында скрининг тексеруден өту; сауықтыру үшін салауатты өмір салты кабинеттеріне, бейімді денсаулық мектептеріне, антитабак орталығына, БМСК ұйымдары мен салауатты өмір салты қызметінің жастар орталықтарына жолдама беру. Балалар мен ересектердің скрининг тексерулері осы Ережелерге 3 қосымшаға сәйкес скрининг тексерулерін өткізу алгоритмдері бойынша өткізіледі.

Обыр дерті туралы не білеміз?
Адыраспан шөбінің денсаулыққа пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу