Обыр дерті туралы не білеміз?
Қатерлі ісік ауруларын анықтаудың 4 сатысы бар. Бірінші және екінші сатысында бұл ауру аса біліне бермейді. Тек қолмен ұстап, көзбен көретін жерлерде байқалуы мүмкін. Үшінші және төртінші кезеңде ауру ушыға бастайды.
Обыр дертімен ауыратындардың орта жасы – қырық. Дерт тұқым қуаламайды. Алдын-ала емдеу шаралары жасалмағандықтан, қазіргі таңда обыр дертімен ауырғандардың 60 пайызы ажал құшады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, әлемде жыл сайын 15 миллионға тарта адам онкологиялық аурумен ауырып, жылына шамамен 8 миллион науқас осы дерттен көз жұмады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша онкологиялық аурулардың әрбір үшіншісінің алдын алуға болады.
Обыр ауруыныңалғашқы белгілеріне төмендегі құбылыстар жатады:
• бүкіл ағзаның жалпы әлсіздігі;
• тәбеттің болмауы;
• ұйқының жоғалуы;
• шаршау;
• іштің қатуы;
• жүректің айнуы;
• ауыздың құрғауы;
• буындардағы, арқадағы,асқазандағы аурулар;
• бастың жиі айналуы;
• ұмытшақтық;
• есінен танып қалу;
• кенеттен салмақтың жоғалуы
Көптеген адамдар бұл белгілерді әлсіздік пен шаршағандық деп ойлауы мүмкін. Бірақ, әрдайым денсаулыққа салғырт қарауға болмайтынын есте сақтаған жөн. Мұндай белгілердің бірнешеуі анықталған кезде дереу дәрігерге бару қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатерлі ісікті әсіресе ауыр салмақ, жеміс-жидек пен көкөністі мардымсыз жеу, аз қимылдау, темекі шегу мен алкогольді ішімдік ішу қоздыратынын айтады.
Обырдың бірінші белгілері аурудың даму үрдісі ертеректе басталғанын білдіреді, ал бастың айналуы, салмақтың жоғалуы және белсенділіктің төмендеуі сырқаттың үшінші кезеңін бейнелейді. Бірінші белгілер пайда болған кезде міндетті түрде флюорография, рентген, УДЗ және эндоскопиялық зерттеу жасау қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Онкологиялық ауруларды зерттеу халықаралық агенттігінің (IARC) сарапшылары осындай қорытынды жасап отыр.