Вирусты гепатиттер. Оны емдеу жолдары

Oinet.kz 06-12-2019 1005

Вирусты гепатиттер бұл кең тараған және адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топ. Олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашылығы бар, түрлі вирустардан тарауы мүмкін. Барлығы да ең алдымен бауырдың зақымдануына және қабынуына әкеп соғады. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша, «сары ауру» деп атайды. Бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. «Сары ауру» эпидемиясы туралы біздің заманымызға дейін Гиппократ V ғасырда сипаттап жазып қалдырған, бірақ оның қоздырушысы туралы тек өткен ғасырдың ортасында ашылған болатын. Бауырдың қабыну вирусы жұқпалы аурулардың ішінде аса өзекті мәселе болып табылады.

Screenshot_9.jpg

«Вирустық гепатиттер бір бірінен этиологиясы мен аурудың дамуына байланысты өзгеше болады. Әйтсе де, олардың кейбір белгілері бір біріне ұқсас. Вирустық гепатиттің классификациясын оның көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады. Мәселен, этиологиясы бойынша гепатит А, B, C, E, D, G болып бөлінеді. Аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел және жай өрбитін созылмалы түрі бар. Гепатиттің аурулығына байланысты ауыр, орташа аурулықтағы және жеңіл түрі болады. Гепатитті кей жерде "қызба" деп атағанымен ол көбіне температураны көтермейді. Бұл ауру жас балаларда жеңіл түрде өтеді, ал қарт адамдар мен жүкті әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, екі апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін бір айдан үш айға дейін қатты әлсірейді. Яғни, науқас көзінен сары кеткеннен кейін де үш апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады», дейді Павлодарлық дәрігер Зарина Қорабаева. 

Вирусты гепатиттың негізгі белгілері: асқа тәбеті болмау. Науқас көп жағдайда бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды. Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады Дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды. Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады. Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл болады.

«Емдеу жолдары: антибиотиктердің гепатитке еш пайдасы жоқ. Оның үстіне кейбір дәрілер бауырға одан сайын зиян келтіреді. Науқас демалып, көп сұйық ішуі керек. Егер тамақ ішкісі келмесе, оған апельсин, папайя және басқа жемістердің шырындарын беріңіз, бұған қоса сорпа немесе көкөністер организмді витаминдермен байытады. Науқас тамақ іше бастаған кезде тамақтың түр-түрін теңдестіріп беріңіз. Құрамында протеин аздау көкөністі және жеміс-жидекті көбірек қабылдағаны дұрыс», деп кеңес береді жалпы тәжірибелік дәрігер Зарина Қорабаева.  

Қазақстанда вирустық гепатиттің А түрінің көп тараған елдердің бірі болып саналады. Вирустық гепатитпен ауырудың барлық жағдайының 60%-нен 90%-ке дейін жетеді. Бауырдың қабынуының Е вирусымен ауырған жағдай біздің республикада тіркелмеген. Аурудың бұл түрі, халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстары нашар ұйымдастырылған, көбінесе Азия және  Африка елдеріне тән.

Есенбек Санатұлы

Дәрілердің біз біле бермейтін сиқырлары
Обыр дерті туралы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу