Жүгірудің зияны

Oinet.kz 04-12-2019 3617

Медицина мамандарының ақ халатына, киімге жұққан қанды мұздай сумен жуса, оңай кетіруге болады. Қан дақтарынан тазарғаннан кейін жылы сумен жуу керек. Бірден жылы сумен жуса, қан киімге сіңіп қалады да кетуі қиындайды.

Адамдардың көпшілігі саунаға не моншаға барғанда бірден парға барып отырғанды ұнатады. Әсіресе, қыс мезгілінде. Және «неге терлемеймін?» деп таң қалады. Себебі бірден ыстыққа барған соң коллотеральды (майда) қан тамырлары жабылып қалады. Ал олар зат алмасуына, тер шығуға қатысады. Содан барлық күш айналып кетіп жүрекке түседі. Күндердің күнінде ол адам ыстық парда 10-15 минуттан ұзақ отыруға жүрегі шыдамайтын болып қалады. Бұл туралы медицина негізін қалаушылардың бірі Ибн Сина айтқан екен. Ең алдымен жөкемен (мачалка) дене қызарғанша ысқылап сосын сәл салқындап барып ыстық парға кірсе, тер де жақсы шығады, жүрекке де ауырлық түспейді!

Screenshot_15.jpg

Ағзаға кальций жетіспесе 170 түрлі ауруға шалдығуы мүмкін екен! Кальций элементінің жетіспеушілігінің алдын алу үшін күнделікті қолданып жүрген тауық жұмытртқасының қабығын тастамай, оны ұнтақтап езіп, 2-3 әр қасығына 2-3 тамшы лимон қышқылын тамызып күнде бір қасық ішіп тұрса, сынған сүйек тез қалпына келеді, ревматизммен ауратын адам жүгіріп кетеді, аяқ сырқырауы қояды, сүйектің сынғыштығы төмендейді. Ал жұмытрқаның өзін шикілей ішуге құмар азаматтар оның құрамындағы холестериннің әсерінен тез қартаяды екен. 

Мамандардардың айтуынша, жүгіру – дене жаттығуларының барынша оңай және тиімді түрі. Күнделікті жүгіруді әдетке айналдырғандар өздерін сергек әрі жеңіл сезінеді. Олардың жұмысқа деген қабілеттері артып өзгелерден тындырымды жұмыс атқарады. Бойларындағы артық салмақтан арылып, икемділігімен көзге түседі. Жүгірумен жүйелі түрде және ұзақ уақыт бойына шұғылдануқуатты үйлесімді дәрежеде жұмсауды реттеп қана қоймайды, сонымен бірге ағзаның жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерін нығайтуға мумкіндік береді. 

Алайда жүгіру ағзадағы теріс құбылыстарға да соқтыруы мүмкін. Шамасын білмесе, тіпті баяу жүгірудің өзі адамның жағдайын насырға шаптыратынын медицина және дене тәрбиесі қызметкерлері біледі. Мысалы, тіпті бірнеше жыл бойына жүгірумен шұғылданып жүрген, бірақ қыза келе жүгіру мерзімін бір сағатқа жеткізген және одан да арттырып жіберген жасы сәл қырықтан асқан адамдардың миокард инфаркті болғаны белгілі. Сондықтан жүгірмес бұрын дұрыс жүгірудің қыр-сырын жақсы білген жөн. Әсіресе, сырқат, әсіресе, жүрек тамыр жүйесі ауыратын адамдарға жүгіру денсаулыққа әрі дене сымбатына пайдалы деп онымен айналысуға болмайды. Олардың емдік дене тәрбиесімен айналысқандары жөн.

Наркоз туралы қызықты деректер
Күзде қандай аурулар көбейеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу