Паркинсон ауруы тұқым қуалау арқылы беріледі

Oinet.kz 04-12-2017 1283

Жүйке жүйелерінің аурулары өте ертеден белгілі. Сол кезден күні бүгінге дейін дәрігерлер жүйке жүйесі ауруларының себебі мен механизімін анықтау, емдеу және олардан сақтандыру әдістері турасында айтылып келген.  Шымкенттік дәрігерлер осы тақырып төңірегінде ой қозғау үшін Ресей, Украина сынды елдерден Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға жоғары санатты невропатолог мамандарды шақырып  тәжірибе алмасты. 

ОҚО-да  «Шашыранды склероз» ауруымен ауыратын 100 науқас , «Паркинсонмен» 700 науқас тіркеліп есепке алынған және басқада жүйке жүйе  ауруларына шалдыққан науқастар анықталған. Ал «Жүйке жүйелері» ауруларына арналған конференцияның мақсаты-  склероз, паркинсон  сынды аурулар неден пайда болатынын, оның емделу жолдарын әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қолдануды насихаттау болып табылады.  

Screenshot_9.jpg

«Шашыранды склероз дегеніміз- салдарлық иммунотапшылық фонында ми мен жұлынның ақ тінін көп ошақтанып зақымдайтын, нерв жүйесін үдемелі түрде миелинсіздендіретін, ауыр мүгедек ететін созылмалы ауру.  Негізінен 20-40 жас аралығында  жиі кездеседі. Əйелдер жиірек ауырады. ШС ауруының диагностикасын жасау үшін ақпараттылығы жəне перспективасы мол əдіс ретінде МРТ қолданылады. Оның көмегімен нақты бір науқастың орталықтық нерв жүйесіндегі көпошақты зақымдарды көрнекілендіруге жəне миелинсіздену процесінің даму барысындағы өзгерулерді қадағалауға болады. Дегенмен, ШС диагнозын анықтағанда, аурудың клиникалық əйгіленістерін ескермей, тек МРТ арқылы алынған мəліметтерді диагноз қоюдың абсолюттік критериі ретінде қабылдауға болмайды»,- дейді медицина ғылымдарының кандидаты Шульга Ольга Дмитриевна.

Паркинсон ауруы – баяу түрде ушығатын ауру, қимылдың үйлесіміне, бұлшық еттің ширақтығына, тепе-теңдікке әсер етеді дейді мамандар. «Паркинсон ауруына көбінесе, 50 жастан асқан адамдар шалдығады. Әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Кейде жас адамдар да шалдығады. Бұл ауруға бейімділік тұқым қуалауы мүмкін. Көбінесе, Паркинсон ауруы жас шақта пайда болса, тұқым қуалау арқылы берілген»,- дейді медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Касаткин Дмитрий Сергеевич.  Сондай-ақ Астанадан «Ұлттық нейрохирургия» орталығының мамандары келіп әріптестерімен Паркинсон ауруынан толық жазылу тәсілі қазіргі кезеңде жоқ. Емдеудің мақсаты- науқаста байқалатын симптомдарды бақылауға алу. Дегенмен аурудың ота жасау арқылы науқастың ауруын жеңілдетуге болатынын айтып өтті.  

АИТВ-дан айығуға болады
Ана мен бала өлімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу