Амандасқанда жұқпайтын ауру саны артуда

Oinet.kz 28-11-2017 1062

Screenshot_7.jpg

Адамның иммун тапшылығы вирусы қорғаныссыз жыныстық қатынаста, қан арқылы , яғни иньекция жасағанда немесе есірткі қолданғанда, анадан балаға (жүктілік, босану, емізу кезінде) беріледі. Ал, қол алысып амандасу, достық құшақтасу, сүйісу, өндірістік және тұрмыста қолданылатын заттар (компьютер, ыдыс-аяқ, басқа құрал- аспаптар), жәндіктердің шағуы, жануарлардың тістеуі арқылы, хауызға түскенде, қоғамдық көлікте жұқпайды.

Вирус жұқтырған адамдарда инфекцияның ешқандай белгісі білінбейді. Медицинада «симптомсыз вирус тасымалдаушылық» деп аталады, себебі тек қана қан талдауын тапсырғанда анықталады. Мұндай жағдай 6-10 жылға созылып, тек адам ағзасындағы иммунитет жүйесі зақымданғаннан кейін иммунтапшылық белгілері білінеді.Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы- адамның иммун тапшылығы вирусымен қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын соңғы саты.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, бүгінгі күнде вируспен өмір сүретін адамдардың саны – 35 миллионды құрайды.

Облысымызда АИТВ – инфекциясы алғаш рет 1993 жылы анықталған. Статистикалық деректерге сай, Ағымдағы жылдың 1- қыркүйегіне 3108 науқас тіркелген. Олардың саны уақыт өткен сайын артуда. Биылғы жылдың 8- айында тіркелген АИТВ- инфекциясының саны 145 науқас. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаулар нәтижесінде соңғы жылдары инфекцияның жыныстық жолмен берілу үлесінің көбеюі 82,8 пайыз, әйелдер арасында тіркелуі – 43,4 пайызға өскен. Олардың 66,9 пайызы – жұмыссыздар. Ал , 78,6 пайызынан астамы 15- 49 жас аралығындағылар.

Айта кетелік, АИТВ инфекциясына шалдыққандар заң бойынша тек қан тапсыруда донор бола алмайды, ал қалған жағдайда барлығымызбен құқықтары бірдей. 

Ы. МҰСАЕВ, 

облыстық СПИД орталығының дәрігер - эпидемиологы

Сергек жүру үшін не істеу керек?
Трихофития ауруы терінің аса қауіпті жұқпалы ауруы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу