Күріштің ағзаға пайдасы

Oinet.kz 03-10-2019 2851

8367C9EF-3157-414D-8FD0-24176FDEC648.jpeg

Күрішті бағалы жармалық дақыл ретінде өндірудің жылдан жылға ұлғаюының бірнеше себептері бар. Біріншіден, күріштің жармасы жоғары калориялы диетикалыкқ азық, онын 1 кг-ы 359О калорияға тең. Жарманың абсолютті құрғақ зат кұрамында 88% крахмал, 6- 8% акуыз, 0,5% май, 0,5% қант бар. Адам ағзасына сіңімділігі (96%) мен корытылымдылығы (98%) бойынша әсіресе диетикалық және балалар тағамы ретінде азық-түліктік дақылдардың ішінде өте жоғары бағаланады.

Күріш суы немесе қайнатпасы керемет қасиеттерге ие, бірақ бұл сұйықтықтың дәмі қоймалжыңдалған және жағымсыз болып көрінуі мүмкін. Мысалға, қытайлықтар күн сайын таңертең бір стақан күріш суын ішеді. Бұл таптырмайтын пайдалы сұйықтық ағзаға қажетті сергектік сыйлап, тазартады.

Салмақ тастау үшін күріш қайнатпасын дайындаудың бірінші рецептін қолдансаңыз болады. Дегенмен, сымбаттылығымен ерекшеленетін азиялық әйелдер, оны басқалай дайындайды:

1. Бір стақан күрішке 4 кесе таза су алыңыз.

2. Күрішті суға салып, оны төмен температурада 2-ден 4 сағатқа дейін қайнатыңыз.

3. Сондай-ақ, күріш суын дайындаудың басқа тәсілін қолдансаңыз да болады: мысалы, күрішті қайнатыңыз да, бетін сүлгімен жақсылап жауып, түнге қалдырып қойыңыз.

Жалпы ұзақ өмір сүргіңіз келсе, күрішті көп пайдаланыңыз.

Ұялы телефон қандай жағдайда атылып кетуі мүмкін?
Қара зеренің пайдалы қасиеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу