Көліктің есігі ашылмай қалса
Техника кез-келген жерде, кез-келген уақытта сыр беруі мүмкін. Сол секілді жүріп тұрған көліктің есігі кейде ашылмай қалатыны бар. Әсіресе аязды күндері. Мұндай жағдайда мына тәсілдерді қолданып көріңіз. Алдымен әлсіздеу аязда алақаныңызды құлыпқа жақындатып, деміңізбен жылытыңыз; көлік кілтін оттыққа (зажигалка) қыздырып, құлыпқа салып, ақырындап айналдырыңыз; орташа аязда үйге кіріңіз де, су қайнатып, құлыпқа қайнаған ыстық су шашыңыз; –өте күшті аязда еріткіш-брелок немесе арнайы аэрозоль қолданыңыз; шприц арқылы құлыпқа медициналық спирт құйсаңыз да болады.