Бет терісін ағарту тәсілдері
Әсіресе әйел адамдарының бет терісі нәзік әрі жұқа болғандықтан, оларды әжім немесе қара дақ секілді бет сұлулығын бұзатын картиналар көп мазалайды. Күн сәулесі, бала босану, беттің құрғақтығы немесе шектен тыс майлылығы бет терісінің балғындыгын, сергектігін жоғалтуға алып келеді.
Әдетте дақтар күн сәулесінің әсерінен шығады немесе тұқым қуалап беріледі. Асқазан ауырса да шығуы мүмкін. Секпіл, дақтарды кетіру үшін әртүрлі косметикалық құралдар бар. Дегенмен олардың көбі әрі қымбат, әрі пайдасыз. Сол себепті алдымен өзіңіз маска жасап, кетіруге тырысып көріңіз.
Ақжелкен маскасы
Ақжелкен шөбін үгітіп, таза бетке жағыңыз. Жарты сағаттан кейін жуып, ылғалдандырушы иісмай жағып қойыңыз. Ақжелкен теріні ағартып, жұмсақ етеді.
Ақжелкен мен кілегей маскасы
Бұл маска құрғақ теріге арналған. Үгітілген ақжелкенді кілегей немесе қаймақпен араластырыңыз. Бетке жағып, жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
Лимон қабығының маскасы
Лимон қабығын жарты сағат суға салып, қайнатыңыз. От бәсең болуы керек. Уақыт өткеннен кейін тұндырып қойыңыз. Бұл қоспа – табиғи тоник. Онымен күніне үш рет бетіңізді сүртіп тұрыңыз.