Алақанға арналған нүктелік массаж (фото)
22-10-2020
Орындалуы оңай және өте тиімді ем-шара, бар болғаны 5-10 минут уақыт бөлгеніңіз ғана қажет!
1. Бұл массаж қуатты арттырып, шаршаған бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Буындар мен олардың арасындағы байланысын күшейтеді
2. Жұмсақ терілер мен жасаушалардың ауыруын азайтып, жарақаттары болса тез қалпына келуге себеп. Ісіктер болса қайтады.
3. Қан айналымы мен ағзамыздағы зат алмасу барысын жақсартады.
4. Жүрек қантамырларының жұмысын реттеп оны ауырудан сақтайды.
5. Алақанда және буындарында көптеген рефлекторлық нүктелер бар болғандықтан массаждың әсері мен пайдасы жас мөлшеріне қарамастан жоғары дәрежеде.
- Бұл массажды алақанның сырт жағынан бастап иыққа шейін ссодан соң керісінше, бірақ бұл ретте ішкі жағынан суды құймалау жасаған жөн. Дұрысы жағымды жылы суды себелек(душ) арқылы құймалау. Судың ағыс жылдамдығы тым қатты болмағаны абзал.
- Есіңізде ұстайтыныңыз, массаждан кейін қолыңызды арнайы сумен сылау болады. Оны даярлау қыйын емес:
“Розовая вода” + глицерин + 10 тамшы нашатырь, алғашқы екеуі бірдей мөлшерде болғаны дұрыс.Дайындаған суды таусылғанша ендігі жерде массаж жасаған сайын қолдану мақсатында бір флаконда жуынатын бөлмеде сақтасаңыз да болады.