Шаш өсірудің 8 жолы
Көптеген ару шашты мықты етіп, тез өсіретін маска, қоспаларды іздейді. Сондықтан назарлары 87;ызға шаш өсіретін 8 әдіс ұсынамыз.
✅ Шаш қию
Шаш ұшталып кетсе, өте баяу не мүлде өспейтінін естен шығармаңыз. Сол себепті шашты мейлінше жиі қиып тұру керек. Кептіргіш, түзеткіш, стайлер, бұйралағыштар шашты құрғатып жібереді. Сол себепті мамандар шашты үш айда бір рет қиып тұруға кеңес береді. 1-2 см-ге қысқартып тұрсаңыз, шашыңыз тез өседі.
✅ Маймен уқалау
Шашты қалыңдатудың оңай жолы – басты жылы маймен уқалау (массаж). Ошаған немесе майсана майын пайдалануыңызға болады. Ол үшін майды қыздырып, басыңызға жағыңыз. 15-25 минуттан соң шашыңызды жуып тастаңыз. Бұл әдісті екі аптада бір рет қайталап тұру керек.
✅ Ақуыз
Құрамында ақуызы бар дәрумендер емдік қасиетке ие. Бірнеше жұмыртқаның сарысын ағынан бөліп алыңыз. Ақуызды шашқа жағып, 30 минуттай күтіңіз. Содан соң шашты әдеттегідей жуып тастаңыз. Нәтижесін бірден байқайсыз. Бұл масканы араға екі-үш апта салып, қайталап тұрғаныңыз абзал.
✅ Су ішу
Күніне 8 стақан су ішетін болсаңыз, бүкіл ағзаға пайдасы тиеді. Шашыңыз тезірек өсе бастайды.
✅ Шаш тарау
Шашты күніне 4 рет тарап тұру керек. Ол шаш фолликуласын тезірек өсуге итермелейді.
✅ Кептіргіш, бұйралағыштар жайлы
Стайлер, бұйралағыш, кептіргіш пайдалану шашқа зиян екені бәрімізге мәлім. Мұндай құрылғыларды аптасына ең көбі 4 рет қана пайдалануға тырысу керек. Ал егер мүлде бас тарта алатын болсаңыз, шашыңыз сау әрі жылтыр болады.
✅ Протеин
Күнделікті жейтін тағамымыз да шашқа әсер етеді. Ақуыз – шаш фолликулының қалыпты қызмет етуіне көмектеседі. Ақуызды тағамға ет, балық, сүт, банан жатады.
✅ Картоп
В дәруменін көбейтсеңіз, шашыңыз тез өсетін болады. Сондықтан картопты үккіш арқылы үгітіп, маска дайындаңыз. Шашқа жағып, 15 минуттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.