​Канапе — талғампаздар мен еріншектер асы

Oinet.kz 05-10-2020 1077

Канапе әдетте фуршеттерде ұсынылады. Жасалуы жылдам. Бірақ мұрныңызды шүйірмеңіз, кейбір канапе ұзақ уақыт жұмсап дайындаған негізгі астан да дәмді болады. Өзіндік құны құрамына байланысты, 200 теңгеден — 2 мың теңгеге дейінгі аралықта.

Кіріспе. Канапе (француз тілінде canapé) – салмағы 60 – 80 г, ал қалыңдығы 7 см-ге дейін кішкентай бутербродтар. Әдетте дәмді деликатестерден дайындалатын канапе көлемі шағын, оны қолмен алып жей бере аласыз. Оған негіз ретінде нан немесе көкөністер қолданылады, оларды үшбұрышты, төртбұрышты, ромб т.б. формада жасауға болады. Бетін безендіру үшін ақжелкен, жуа, лимон, жұмыртқа қолданылады. Пайдаланылған өнімдер бір-біріне жақсырақ жабысуы үшін дастарқанға қояр алдында біраз уақыт тоңазытқышта ұстаған жөн. Әдетте канапе бір адамға 8-10 данадан есептеледі және тәрелкеге оның бірнеше түрі топталып қойылады.

АҚСЕРКЕ ЖӘНЕ УЫЛДЫРЫҚ ҚОСЫЛҒАН КАНАПЕ
нан – 100 г,
ақсерке – 70 г,
сары май – 80 г,
уылдырық – 20 г,
ақжелкек (хрен) – 10 г,
көк шөп

Нанға ақжелкек қосылған сары майды жағып, үстіне ақсеркенің жұқа тілімін қойыңыз. Одан кейін уылдырық салып, көк шөптерді себіңіз.

МАЙШАБАҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫРТҚА ҚОСЫЛҒАН КАНАПЕ
нан – 100 г,
сары май – 20 г,
майшабақ еті – 30 г,
жұмыртқа – 1 дана,
зәйтүн, көк шөп

Нанды ромб пішінінде кесіп, жұмыртқаға бірнеше рет батырып, екі жағынан қуырып алыңыз. Үстіне майшабақ тілімін, одан кейін зәйтүнді, ал ең бетіне ақжелкенді қойыңыз да, арнайы таяқшамен не тіс тазалағыш таяқшамен бекітіңіз.

КАМАМБЕР ІРІМШІГІ МЕН АРҚАН БАЛЫҚ ҚОСЫЛҒАН КАНАПЕ
қабаттама қамыр – 450 г,
жұмыртқа – 1 дана,
камамбер не бри ірімшігі – 100 г,
сары май,
тұздалған арқан балық – 200 г,
кілегей – 150 мл,
ақжелкен және базилик (ұсақтап туралған) – 1 ас қасық.

Жайылған қабаттама қамырды ромб етіп кесіңіз де, сары май жағылған табаға өзара 1 см аралықпен қойып шығыңыз. Қамырдың бетіне көпіртілген жұмыртқаны жағып, орташа температурадағы пеште қызарғанша ұстаңыз. Бұған дейін камамбер ірімшігін сары маймен және көпіртілген кілегеймен араластырып, оған ақжелкен мен базиликті қосыңыз. Пештен алынған нан тілімдерінің үстіне осы кремді жағып, үстіне арқан балықтың әдемілеп қойыңыз.

АЛМА, ЖҰМЫРТҚА ЖӘНЕ ҚИЯР ҚОСЫЛҒАН КАНАПЕ
жаңа піскен қияр — 1,
суға пісірілген жұмыртқа -2,
маринадталған қияр – 1,
алма — 1,
зәйтүн — 1/2,
француз батоны — 1/3

Батонды жұқалап кесіп, аздап қуырып алыңыз. Оған жаңа піскен қиярдың дөңгелектеп туралған қалың тілімін, маринадталған қиярдың дөңгелек тілімін, кесілген алманы және жасыл зәйтүнді қойып, таяқшамен бекітіңіз.

КИВИ ЖӘНЕ МАЙШАБАҚ ҚОСЫЛҒАН КАНАПЕ
қара нан — 6 тілім,
майшабақ – 200 г,
киви – 1 дана,
кілегей ірімшігі – 60 г,
жалбыз – қажетінше.

Нанды кішкентай етіп тіліп, сары май жағыңыз. Үстіне майшабақ тілімдерін, кивиді және жалбыз жапырақтарын салыңыз. Киви сәл пісіп үлгермеген, қышқыл дәмді болғаны дұрыс.

БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАСЫ, ҚАТТЫ ІРІМШІК ЖӘНЕ КӨКӨНІСТЕР ҚОСЫЛҒАН
бөдене жұмыртқасы – 5 дана,
қатты ірімшік – 200 г,
черри помидоры – 3 дана,
жаңа піскен қияр – 1 дана,
қара нана — бірнеше тілім.

Жұмыртқаны суға пісіреміз де, ортасын бөлеңіз. Қатты ірімшікті ірілеу төртбұрышты етіп
тураңыз. Қияр мен черриді жұқа етіп дөңгелектеп турап шығыңыз. Арнайы таяқшамен канапені мына ретпен бекітіңіз: ортасынан бөлінген бөдене жұмыртқасы, дөңгелектеп туралған қияр, төртбұрышты қатты ірімшік, дөңгелектеп туралған черри, қара нан (ең астында).

ҚАТТЫ ІРІМШІК, МОЦАРЕЛЛА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН КАНАПЕ
моцарелла – 100 г,
қатты ірімшік – 150 г,
сүйексіз жасыл жүзім – 100 г.

Қатты ірімшікті шағын төртбұрышты бөліктерге бөліп тураңыз. Жасыл жүзімді жуып кептіріңіз. Бір жүзімді, моцарелланы және қатты ірімшікті ретімен қойып шығып, таяқшамен бекітіңіз.


Ірімшік туралы не білесіз?
Шарапты қалай және немен ішу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу