Киви - сұлулық жемісі
Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне арналған қоспаларды дайындауға көмектеседі.
✅ Нәрлендіретін маска
1 кивиді алып тазартып, езбе дайындаңыз. 2 ас қасық езбеге 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Қоспаны бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып, салқын сумен шайыныңыз.
✅ Ылғалдандыратын маска
2 ас қасық киви жұмсағын 1 шай қасық зәйтүн майы және 2 шай қасық сүзбемен араластырыңыз. Масканы бетке жағып, 10 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң көк шаймен мақтаны сулап, масканы тазартыңыз. 5 минуттан соң бетті мұзбен сүртіңіз.
✅ Жасартатын маска
2 ас қасық киви езбесін 1 ас қасық алма езбесі және 1 ас қасық қою кілегеймен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бетті мұзбен немесе салқын, газсыз минералды сумен жуыңыз. Бетіңіз өздігінен кепкенінше күтіңіз, сүлгімен сүртудің қажеті жоқ.
✅ Ағартатын маска
2 ас қасық киви езбесін 1 шай қасық картоп крахмалы мен ½ шай қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып, ылғалдандырушы иісмай жағыңыз.
✅ Солғын теріні қалыпқа келтіретін маска
2 ас қасық киви жұмсағына 1 жұмыртқа ағы мен ½ шай қасық зәйтүн майын қосып, араластырыңыз. Масканы бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы түймедақ қайнатпасымен жуып тастаңыз.
Егер күнде бетіңізді кивимен сүртіп тұрсаңыз, тері түсі жақсарады. Ал шашты өсіру үшін киви шырынын басқа жағып, 30 минуттан соң жуып тастаңыз.