Косметикасыз-ақ кемшіліксіз көріну үшін

Oinet.kz 22-02-2020 705

image.png

✅ Қою қара қас, қайырылған қалың кірпік, жібектей жұмсақ шаш... «Бұларға тек қымбат косметикасыз ғана қол жеткізуге болады» деп ойлайтын аруларымыз аз емес. Десе де, ешқандай косметикасыз-ақ та кемшіліксіз көрінуге болады. Қалай екенін өзіңіз оқып көріңіз...

Бет терісінің саулығы үшін түймедақ гүлінен шай әзірлеңіз. Ол үшін 1 ас қасық түймедақ гүлін (дәріханада сатылады) термосқа салып, 1 стакан қайнаған ыстық су құйып, қақпағын жабыңыз. 30 минуттан кейін алып, сүзіп, 1 шай қасық бал қосыңыз. Дайын шайды күнделікті таңертең аш қарынға 1-2 ұрттап, емшараны 2 апта үзбей жалғастырыңыз. Түймедақ шайы жүзіңізге ерекше әр береді.

✅ Кірпіктеріңізді ұзартып, қалыңдата түскіңіз келсе, үйде дайындалатын майға мән беріңіз. Таза құтыға майсана, бадам, күнжіт, ошаған майларын бірдей мөлшерде құйып, оған Е дәруменін (сақтау мерзімін ұзарту үшін) қосыңыз. Дайын масканы күнделікті жатар алдында құрғақ, таза кірпікке жағу керек. Бірер аптадан кейін-ақ нәтижесін байқайсыз.

✅ Шашыңыз ұшталып, көп түссе, мына масканы жасаңыз. Бір ыдысқа 1 жұмыртқаның сарысын ½ стакан қарапайым йогурт (еш қоспасыз) қосып араластырыңыз. Оған 1 ас қасықтан майсана, кокос, авокадо мен жожоба майларынан қосыңыз. барлығын жақсылап араластырып, құрғақ шашқа жағып, басыңызға полиэтилен қап киіңіз. Бір сағаттан кейін басыңызды жуыңыз.

✅ Қол терісі жұмсақ болсын десеңіз, қолға жағатын крем мен сіркесуынан бірдей мөлшерде алып араластырып, кешке жатар алдында қолыңызға жағыңыз. Бірер аптадан кейін нәтижесі көңіліңізден шығатынына күмәніңіз болмасын.

✅ Қара дақтардан тезірек арылу үшін бетіңізді күнделікті 3 рет лимон кесіндісімен сүртіңіз. Бетіңіздегі лимон шырыны өзі кепкен соң жылы сумен жуыңыз.

✅ Жібектей жұмсақ, әлі жылтыр шаш арманыңыз ба? Ендеше, 1 банан мен 1 ас қасық зәйтүн майын блендермен езіп алыңыз. Оған 2 шай қасық бал мен 1 ас қасық қарапайым йогурт (еш қоспасыз) қосыңыз.барлығын жақсылап араластырып, дымқыл шашқа жағып, басыңызға полиэтилен қап киіңіз. 30 минуттан кейін шашыңызды жуыңыз. Арманыңызға әп-сәтте қол жеткізесіз!

✅ Терінің түлеуі сәніңізді кетірді ме? Мұндайда алоэ шырыны жақсы көмекші болмақ. Ол үшін 100 г алоэ шырыны мен 3 шай қасық қайнаған су, 3 ас қасық спиртті араластырамыз. Бұл лосьонмен бет терісін күнделікті сүртіп тұру керек. Терідегі лосьон өздігімен кепкеннен (шамамен, 10 минуттан) кейін бетіңізді жуып, крем жағыңыз.

✅ Тырнақты ағартып, беріктігін арттыру үшін оны лимонға салу да жеткілікті. Лимонды ортасынан екіге бөліп, тырнақтарыңызды ішіне 15 минутқа салыңыз.

✅ Тісті ағарту үшін белсендірілген көмір (активированный уголь) таблеткаларын ұнтақтап, тіс пастасына қосыңыз. Бұл пастамен тіс жууға арнайы бөлек щетка алғаныңыз жөн.

Аскориданы ертерек емдеңіз
Сүт өнімдерінің пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу