Баланың алдында жасауға болмайтын 6 нәрсе
Ата-ана – бала үшін әрқашан үлгі. Ата-ана баласының бірінші тәрбиелеушісі. Балалар ата-анасының сөйлесу, қарым-қатынас құру үлгісін, өмір сүру әдетін, отбасындағы барлық іс-әрекетін көшіріп алады. Сондықтан да ата-ана балаларын тәрбиелеп қана қоймай, өзі дұрыс тәрбиені көрсете білуі керек. баланың алдында айтқан әр сөзіңізді фильтрден өткізіңіз, себебі бала губка сияқты бәрін сіңіріп алады.
1. Басқа адамдарды жамандап өсек айтпаңыз
Басқа адамдарды жамандау жаман қасиет. Оны баланың алдында жасау сорақылық. Балалар сіздің ол адам туралы айтқаныңызды сол күйінде қабылдап, ол адамға солай қарауға көшеді және сіздің айтқан нәрсеңізді бала ана адаммен кездескенде сіздің айтқаныңызды айта салуы мүмкін. Сарказм мен адамды келеке етуден аулақ болыңыз, бала бұл әректіңізді бірден қабылдап өзін қоршаған ортаға солай сөйлей бастайды.
2. Өзіңіздің екінші жартыңызды мінеп-сынаудан аулақ болыңыз
Күйеуіңізді не әйеліңізді балалардың көзінше ұрсы, сынау, кемісіту ол адамның балалардың алдында авторитетін жою. Ата-ананы сыйлау, тыңдау осы бала кездегі қарым-қатынастан басталады. Егер бір адам біреуді кемісіте берсе бала да сол адамға солай қарап, оны ол да кемісіте бастайды, оны мойындамай бастайды. Кейін бала өскесін өз жартысына солай қарым-қатынас жасай бастайды. Сондықтан, екінші жартыңызға бірдеме айтқыңыз келсе жалғыз қалған кезде сөйлесіңдер.
3. Сабырлықты жоғалтпаңыз
Төзімділік өте жақсы қасиет, сондықтан да төзімді, ұстамды, сабырлы болыңыз. Кішкентай нәрсеге бола ашу шақырмаңыз. Әсіресе балаңыз ананы-мынаны сұраған кезде сабырмен жауап беріп, барынша дұрыс ақпарат беріп үйретіңіз. баланың кішкентай кезі сіздің мықтылығыңызды тексеретін кез. Балаға ашуыңызды көрсетпеңіз.
4. Баланы елемей қоймаңыз
Баланың сұрағы көп болады, соның бәріне асықпай жауап беруге тырысыңыз. Бала сіздің оған назар аударғаныңызды қалайды, сондықтан ол сізді мазалайды. Сіздің кеңесіңізді күтеді, махаббатыңызды көргісі сезінгісі келеді.
5. Гаджеттерге тәуелді болмаңыз
Телефон, планшет және басқа да гаджеттерге тәуелді болмаңыз және оған баланы үйір етпеңіз. Сіз балаға оны қолдануын бірінші күннен белгілі шектеу қойыңыз. Өзіңіз де солай аз қолдануға тырысыңыз. Егер ата-анасы ылғи телефонда отырса балада соны қалайды. Ал баланың миына, дамуына виртуалды әлем кері әсерін тигізіп психикасын құртады. Оның орнына бірге далада ойнаңыз, қыдырыңыз.
6. Өтірік айтпаңыз
баланың көзінше кішкентай болса да өтірік айтпауға тырысыңыз. Бала сізге деген сенімінен айырылады және аздаған өтірік айту қасиеті оған да жұға бастайды. Ол солай дұрыс деп өтірік айта бастайды. Өтірік айту қабілеті баланың 6 жасына дейін миына қатты сіңіп алады да өмір бойы қанына сіңіп кетеді.
Бастысы балаңыз сіздің айнаңыз екенін ұмытпаңыз. Үлкейген балаңыздан сізге ұнамайтын істер байқасаңыз демек сіз бір жерден қате жібердіңіз. Сіз балаңыздан қандай сізге ұнамайтын мінез, іс-әрекет байқадыңыз? балаңызды тәрбиелеуде қандай әдістерге сүйенесіз?