Нәрестенің дәрі қобдишасында не болуы керек?

Oinet.kz 18-08-2020 941

Нәресте перзентханадан үйге келген күннен бастап шаңырағыңызда ерекше аура орнайды. Өміріңіз дейін және кейін деген екі кезеңге бөлінеді. Үйіңізде нәрестенің жеке бұрышы пайда болады. Күнделікті күтіміне қажетті заттар көбейіп, реттеле бастайды. Нәрестенің жеке дәрі-дәрмектер қобдишасын дайындауға тура келеді.

795075f97b70ea004f1935199b7f378f-1024x594.jpg

Нәрестенің дәрі қобдишасы перзентханадан немесе қаралатын емханадан беріледі.

Біз ұсынып отырған тізімде көрсетілген заттар қобдишада болуы міндетті, бірақ тізім осымен шектелмейді.

  • Дәке, мақта, құлақ тазалайтын таяқшалар;

  • Термометр;

  • Сутегінің асқын тотығы, көк дәрі (зеленка), калий перманганаты;

  • Дәрілік түймедақ, итошаған;

  • Сеппе, бөрітпеге жақпамай, сылауға арналған су май;

  • Аквадетрим Д3 дәрумені;

  • Тырнақ алатын кішкене қайшы;

  • Пипетка, мұрын қуысын тазалауға аспиратор;

Жоғарыда келтірілген міндетті түрде болу керек заттарға қосымша нәрестенің іші желденсе не қатса аскөк суы, дене қызуын төмендететін ректалды суппозиторийлер, т.б. керек дәрілерді дәрігермен кеңесіп толықтырған дұрыс.

Баланың температурасын түсірудің 10 амалы
Баланың алдында жасауға болмайтын 6 нәрсе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу