Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Ұзақ үзілістен соң тамақтануға асықпаңыз. Себебі, сіз тұтынатын өнімнің ағзаңызға қандай әсері барына қанығыңыз. Тамақтану үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ғана тамақтанайық!
Жылдам Таңғы ас – жарма , ботқа
Мұндай өнімдер күннің басталуы үшін тамаша тағам ретінде жарнамаланғанына қарамастан, оларды табиғи және пайдалы заттармен алмастырған дұрыс. Көмірсулар құрамында жоғары жарма тұтынған соң, қандағы қант деңгейі күрт артады. Тез дайындалғанымен қоймай тойғаныңды жылдам сездіретін тағамдар көп өтпей қайта тәбеттің оянуына түрткі болады.
Кофе
Күнді көфемен бастаған романтикалық құбылыс іспетті. Өкінішке орай, жаман әдет. Кофені тамақтанған тоқ қарынға ішкен абзалырақ. Өйткені, кофеин асқазан сөлінің пайда болуына ықпал етеді. Ол аш хәлде асқазанның шырышты қабығын зақымдай бастайды, гастриттің пайда болуын тудырады. Күнді бал қосылған сумен бастаған жақсырақ.
Дәмдеуіштер
Дәмдеуіштер мен өткір тағамдар асқазанға кофе сияқты әсер етеді. Асқазан сөлінің шамадан тыс өндірілуін тудырады. Асқазан-ішек жолдарының ауруларының дамуына ықпал етеді.
Құрамында қант бар өнімдер
Шоколад немесе қант тоқашы таңертең сіздің көңіл-күйіңізді көтереді деп ойламаңыз. Керісінше, ең шуақты күніңіз мұңға толуы ықтимал Аш қарынға түскен қант ұйқы безін тітіркендіреді. Бұл процесте бірден инсулин бөлінеді. Нәтижесінде қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуі байқалады. Соның салдарынан біз қайғы-қасірет, шаршау және тітіркенуді сезінуіміз мүмкін.
Суық және газдалған сусындар
Суық және газдалған сусындар шырышты қабықтың тітіркенуін тудырады. Сонымен қатар асқазанның тамырларын тарылтады, бұл фактор қан айналымын нашарлатады. Әрі тағамның қорытылуын қиындатады. Егер сіз таңертең шөлдеп оянсаңыз, бөлме температурасында қарапайым қайнаған суға ішуді әдетке айналдырыңыз.
Йогурт және басқа да қышқыл сүт өнімдері
Йогурт – уақыты тығыз және таңертең тамақ пісіруді ұнатпайтындар үшін дәстүрлі таңғы ас. Өкінішке орай, ашқарынға жегенде өнімнің пайдасы жоғалады. Аш қарынға жеген йогурт зиян тигізбейді, пайдасы да бар. Бұл өнім құрамының пайдасы - ас қорытуға көмектесетін бактериялар бар. Алайда, олар тоқ асқазанда пайдасын тигізеді. Аш қарынға жеген йогурт калориядан басқа ештеңе әкелмейді .
Цитрус
Қызғылт фрешпен таңғы ас ең жақсы идея емес. Басты себеп асқазанның шырышты қабатына әсерімен байланысты . Апельсиндер, грейпфрут, мандариндер және кез-келген цитрустың құрамында қышқылдың көп мөлшері бар. Олар бос асқазанға түсіп, жара тудырады. Сонымен қатар гастрит, ойық жара және ас қорыту жүйесіне байланысты басқа да проблемаларды дамыту мүмкіндігін тым жоғары. Бұл жемістердің адамдарда аллергия тудыратын қасиеті бар. Егер оларды ашқарынға жесеңіз, денеңізге түрлі бөртпелер шығып кетуі мүмкін.
Алмұрт
Бұл жеміс жас организм үшін өте ауыр . Алмұрттың құрамында ас қорыту органдарының шырышты қабаттарына зақым келтіретін және асқазан мен ішектің қозғалғыштығын бәсеңдететін көптеген сіңірілмейтін талшықтар бар. Бұл тағамды сіңіруге жақсы әсер етпейді.
Банан
Банан – өте баяу қортылатын жеміс. Егер оның тамақтың алдында жесеңіз, ішіңіз кеуіп, өзіңізді өте жайсыз сезінетін боласыз. Сондықтан банан жеген соң су немесе шырын ішуге де болмайды. Дәрігерлер оны түскі тамақ ішкен соң бір сағаттан кейін ғана жеуге кеңес береді.
Суреттер ашы0 дереккөзден алынды