Авокадо: пайдасы мен зияны

Oinet.kz 02-04-2020 6874

Бұл жемістің салмағы 2 келіге жетеді.  Авокадо бойындағы қоректік заттардың көптігіне байланысты адам денсаулығы үшін өте пайдалы болып саналады. Диетологтар бұл өнімді жүрек-тымыр, асқазан-ішек ауруларымен ауратын адамдарға жеуді ұсынады. Авокадо ағзаны толығымен тазалайтын қасиетке ие. 

1-min-9.jpg

Авокадо жұмсақ кілегейлі консистанцияға ие болғандықтан оны кез келген тағамға қосуға болады. Мәселен, смузи мен салаттар,тіпті сэндвичтерге де қосса болады. 

Авокадоның пайдасы

Авокадо С, Е, К және В6 дәрумендеріне, рибофлавина, ниацина, фолата, пантотен қышқылы, магний және калий сынды пайдалы заттарға бай. Сонымен қатар, лютеин, бета-каротин және Омега3 май қышқылдары бар. 

Авокадо жүрек пайдалы және көздің көру қабілетін арттырады, остеопороздың алдын алады. Онкалогиялық аурулар мен депрессияға шалдығудан сақтайды. Бұл жасыл жеміс – жасушаларымызды қартаюдан сақтайтын белсенді антиоксидант. Сондай-ақ, жемісте пайдалы майлар, ұзақ уақытқа қанықтыру сезімін береді және ағзадағы зат алмасуды реттейді. 

Авокадоның зияны

Авокадоны емізулі аналарға, үш жасқа дейінгі балаларға және аллергиясы бар адамдарға жеуге тиым салынады. 

Піспеген авокадоның құрамында ағзада сұйықтық жиналуына ықпал ететіп, аз еритін персин бар. Піспеген жемісті қолдану тұншығу, жүрек айну мен құсуды тудыруы мүмкін. Сондықтан тек толығымен піскен жемісті жеу қажет. 

Авокадоның құрамында манногептулоза – табиғи моносахарид бар. Бұл инсулин өндірісін тежейді және бауырдың жұмысын басып тастайды. Шамадан тыс көп жеу адам гипергликемияға, яғни қанның құрамында қанттың көбеюіне әкеп соқтырады. 

Ескеретін жәйт: авокадоны күніне 150 граммнан артық қолдануға болмады. 

Зімбірді қалай сақтауға болады?
Құлпынай: пайдасы мен зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу