Қарайған күміс қасықтарды қалай ағартамыз?

Oinet.kz 01-04-2020 2676

Күміс қасықтардың ерекшеліктері

Соңғы уақытта күміс қасықтар заманауи үй шаруасындағы әйелдер арасындағы танымал болды. Басты себеп – күміс қасықтардың басқалардан айырмашылықтары көп:

  • сыртқы түрі әдемі және ерекше дизайн

  • қасық жеңіл және эргономикалық құрал

  • күміс қасықтар жоғары антисептикалық қасиетке ие, сонымен қатар адам ағзасы үшін де қауіпсіз.

F0841215-EDINSTVO-vil--log-g-0-800x800.jpg

Неліктен күміс қасықтар қараяды?

Күміс бұйымдар уақыт өте қарая бастайды. Халық арасында күміс теріс пиғылды адамдардың көзінен сақтайтын талисман деген ұғым қалыптасқан. Мәселен, күміс алқа кенеттен қарайса теріс энергияны өзіңе сіңіріп алған делінеді. Негізінен, күміс қасықтар мен бұйымдардың қараюының бірнеше негізгі себептері бар:

1.Өнімнің сынамасы (проба изделия)

Ең төмен күміс сынамасы (600,750) күміс қасықтар мен бұйымдардың қараюының басты себебі

2. Ауаның химиялық құрамы

Күмістің қараюы ауада күңгірсутегі көп жерге ауысқан кезде болады.

3. Ылғалдылық

Күміс бұйымдардың құрамдас бөліктердің бірі – тотығуға бейім мыс.

4. Күкірт

Адам терісінің құрамында күкірт көп мөлшерде тұздар мен амин қышқылдар бар. Құрамында күкірт бар компонеттер күмістің қараюына себеп бола алады.

5. Жоғарғы температура

Адам көп қимылдағанда бойынан ыстық тер шығады. Сондықтанда мойнымызға тағып жүретін күміс алқа қарайып шыға келеді.

1-760x450.jpg

Күміс қасықтар қараймау үшін оларды қалай сақтау қажет?

Күміс қасықтар қараймай ұзақ уақыт қызмет еткенін қаласаңыз, сіз де олардың арнайы күтімін білгеніңіз жөн. Әсіресе, әркез асханадан табылатын заттар арқылы тазалау тәсілдерін көрсетеміз.

1.Ас содасы

2. Мүсәтір (нашатырный) спирті

3.Ас үй ыдысын сірке суына (уксус) малынған шүберекпен сүртіңіз

4.Күміс ыдыстарды жарты сағат кәстрөлде лимон қышқылы мен бал қосылған қоспада қайнату қажет. (100 г лимон қышқылы мен 500 мл суға қосылған азғандай бал) 

5.Күмістегі қара дақтан күнделікті қолданатын тіс щеткасы мен пастасын қолданған да дұрыс. 

6.Тұз ерітіндісін дайындаңыз (бір стакан суға шәй қасық тұзды қосыңыз) және осы қоспада қасықтарды 10 минут ұстап тұрыңыз.

7.Тіпті, күміс қасықтарды ағарту үшін өзіміз ішіп жүрген газдалған сусындарды да қолдансақ болады, мәселен Coco Cola.

Тез өкпелеудің 5 себебі
Боза қандай сусын?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу