​Оқыған кітапты қалай есте сақтап қалуға болады?

Oinet.kz 26-03-2020 1359

Кітап оқу біздің ой-санамызды арттырары анық. Тіл байлығымызды арттырып, көкірек көзімізді ашады. Ал енді оқыған кітаптарымызды қалай есте сақтап қаламыз? Естеп сақтап қалу үшін қандай тәсілдер қолдану қажет? Осы жайлы біздің кеңестерге құлақ түріңіз.

kak-zapomnit-prochitannoe-v-knigax.jpg

Ең әуелі кітап оқимын деген ниеттің дұрыстығы. Әрбір іс ниеттің дұрыстығына байланысты. 

Кітап оқу үшін арнайы уақыт бөліңіз. Бұл өте маңызды. Күнделікті 30 минутыңызды кітап оқуға арнасаңыз, бір аптада бірнеше кітапты ешқандай қиындықсыз оқи аласыз. Ғалымдар жүйелі оқу мидың жүйке байланысын күшейтеді және эмоционалды интелектті дамытады. 

Кітап оқу барысында сіздің ештене алаңдатқызбауы керек. Елең еткізер телефонның дауысың басып қойыңыз. 

Кітапты ұйқы қысып тұрған шақта оқу дұрыс емес, өйткені сіздің бар ойыңыз ұйқы болары сөзсіз.

Оқыған әрбір сюжетті көз алдыңызға елестетіп, кейіпкерлермен бірдей сезініңіз. Бұл сіздің ойлау, көру және сөйлеу қабілетіңізді арттырады. 

Әрі кітаптың мұқабасы мен оқып отырған бөлменің ауруасы да сізге тікелей әсер етеді. Сондықтан, отырған бөлмеңізді ерекше әсемдеңіз.

Әрбір оқыған, білген мәліметтің керекті тұсын блокнотқа түртіп жазып алыңыз. Осылай істеу сіздің жазу өнеріңізді күшейтеді.

Оқыған дүниеңізді іштей ойлап, қайталаңыз. 

Кітапты оқып болғасын өзіңізге «Кітаптың негізгі ойы қандай?» деп сұрақ қойып, тек шынайы жауап беріңіз. 

Және бір тәсіл, оқығаныңызды өзге біреуге эмоциямен айтып беріңіз. Өйткені, сөйлеп жатып сіз оқығаныңызды көз алдыңызға елестетесіз әрі жадыңызда мықты сақталып қалады. 

Кір сабынның денсаулыққа пайдасы
Ағзаны күрішпен тазалау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу