Үй жағдайында қара дақтардан қалай құтыламыз?

Oinet.kz 05-03-2020 1389

Әр қыз-келіншектің үй жағдайында қолданатын маскалары, тазарту амалдары әртүрлі. Үй жағдайында жасалынған маскалар қашанда да тиімді әрі қолжетімді болмақ. Сіздерге ұсынатын ас содасы қосылған маска бетіміздегі қара дақтардан арылуға көмектеседі.

unnamed (1).jpg

Жасалу тәсілі:

0,5 шай қасық ас содасын алақаныңызға салып, 2-3 тамшы су тамызып езесіз, ботқа тәріздес болғанша. Дайын болған ботқаны бүкіл бетіңізге тегістеп жағасыз және оны 10 минут бетіңізде ұстайсыз, оны жуар алдында скраб ретінде теріңізге әбден ұқалап жағып жіберіңіз. Кейін жылы сумен жуып тастаңызда артынан ылғалдандыратын крем жағып қойғаныңыз дұрыс. Бұл бет тазарту маскасын аптасына бірақ рет қолданған жөн, одан жиі қолдансаңыз бетіңіздің терісін қатты құрғатып жібереді.

Бет терісіндегі қара дақтар

Қара дақтар не себептен пайда болады деген сұраққа тоқталатын болсақ ,төмендегі негізгі 4 факторды қарастырған жөн:

1. бетке күн көзінің тікелей түсуі, ультракүлгін сәулелері;

2. бауыр ауырғанда бауырды емдеу керек;

3. бет күтімі дұрыс болмағандықтан;

4. жүктілік кезінде.

Бет терісіне қара дақ түсірмеу үшін алыдын-ала қорғаныс амалдары:

1. Күн шуағы күшіне енген кезде барынша қорғану амалдарын қолданыңыз. Ең қолайлысы - көшеге шығар алдында күннен қорғайтын жақпа майын қолданыңыз.

2. Майлы, қуырылған тағамдармен тамақтанбауға тырысыңыз және сұлы сүтін курсымен ішіп көріңіз, пайдасы өте зор, қара дақтардан арылуға көмектеседі.

3. Бетіңізге күтім жасауға тырысыңыз. Аптасына 2 рет ағартатын маска жасаңыз және әр күн сайын ұйықтар алдында бетіңізді тазалап ағартатын крем пайдалансаңыз артық болмайды. Сонымен қатар, бет күтіміне пайдаланатын жақпа май,опа т.с.с. заттардың сапасына көңіл бөлу керек.

Осы аздаған кеңестерді естеріңізге сақтап, пайдалана жүріңіздер.

Үй жағдайында медициналық бетпердені қалай жасауға болады?
40 жастан кейінгі бет күтімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу