Тәуекел Мүсілім: «Балалы болуға асықпаймын»

Oinet.kz 10-02-2020 1172

Жақында ғана отау құрған Тәуекел Мүсілім балалы болуға асықпайтындығын жеткізді. Жас жұбайлар балалы болудың қамын үйлену тойдан кейін бір-ақ қолға алмақ ниетте. Алайда, актер әкелік қызметіне толыққанды дайын болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ сілтеме берген Oinet.kz.

a091a550-e52f-4d6a-958d-489818e3e8e3.jpg

Тәуекел Мүсілім сәбилі болудың қамын тек дүбірлі ойдан кейін қарастыратындарын жасырмады. Ол көпшілік басқаша ойлап қалмау мақсатында осы шешімге келген.

"Әке атануға дайынмын деп ойлаймын. Қалаймын. Күтіп жатырмын. Күтіп жатырмын дегенде, қалай әлі әрекет жасаған жоқпыз. Той болсын, тойдан кейін деп жатырмыз. Өйткені адам деген көпшілік басқаша түсініп қалуы мүмкін да. Тоғыз айды санайтындар бар ғой тойдан кейін. Мына айда өтті неге тоғыз ай емес деген сияқты. Сол себептен бізде асыққымыз келмейді" , - деді актер.

Оған қоса, шоу-бизнес серісі анасы мен жарының қарым-қатынасы туралы да тың мәліметпен бөлісті.

"Енді оны мен шыны керек айта алмаймын нақты, қалай екенін. Барынша егер өз жағымнан айтатын болсам, мен жаңағы Махаббатқа да ешқандай бір қысым болмаса, бір ыңғайсыз болмасын деген сияқты. Әйтеуір екі жақты жүрмін ғой. Анамда көңілі тоқ болсын, Махаббаттың да көңілі тоқ болсын. Жалпы қарым-қатынас жақсы ғой" , - деді Тәуекел.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің әйеліне қандай талап қойғанын жазған болатынбыз. Өнер иесі отбасылы болғандықтан, қазіргі таңда үйіне асығатын болғанын жасырмады.

Сондай-ақ оқыңыз: 

«Қалаулым Сен» жобасының режиссері айықпас дертке шалдықты

b6d9d7ca-25f6-42c8-87f0-9274115e3f7d.jpg


Психологиялық тест: Сіз туралы өзгелер не ойлайды?
Психологиялық тест: кілттің біреуін таңдап, мінезіңді анықта!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу