«Қалаулым Сен» жобасының режиссері айықпас дертке шалдықты

Oinet.kz 11-02-2020 1961

Көпшіліктің көзіне түрпідей тиіп жүрген «Қалаулым Сен» жобасының режиссері Аслы Ердөнмез айықпас дертке шалдықты, - деп хабарлайды Caravan.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

b6d9d7ca-25f6-42c8-87f0-9274115e3f7d.jpg

Бұл туралы Шах Керім мырза бағдарлама барысында айтты. Режиссер Аслы ханымның айықпас дертке шалдыққанына 2-3 ай көлемі болған. Қазіргі таңда Түркия елінде, яғни, өз туған жерінде емделу үстінде. Шах Керімнің айтуы болйынша қашан Қазақстанға оралатыны белгісіз. 

Оқырмандар легінің бір тарапы Асылы ханымға шипа тілесе, енді бір тарап бағдарламаны қазақ елінде жүргізгені үшін ашумен жаман пікір қалдырды. 

Ал, бағдарламаның өзіне келер болсақ, 7 ақпан күнінен бастап ішінара үлкен дау басталған. Отырған қатысушылар тікелей эфир барасында өтірік, яғни, шынайы бағдарлама еместігін айтты. 

Еске сала кетейік, екі күн бұрын "Қалаулым Сен" жобасының қатысушысы Айдын мырза бағдарламаның бар шындығын елге жайып салған болатын. Сондай-ақ, елімізде бұл жобаның жабылуын қолдайтындар қатары да аз емес.  

Динара Бақтыбаева тұрмысқа шықты
Момышұлының келіні: «Маған шындық керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу