Шашқа зиянды күнделікті әдеттер
08-06-2021
Бүгінде боянбайтын қыздар мен әйелдер кемде-кем. Қай-қайсысының сөмкесін көрсеңіз костемикалық заттардың түр-түрі кездеседі. Қыздарға әсіресе күн сайын кірпіктерін бояуды ұмытпайтындарға тушьті қалай сұйылтудың құпиясын ашайын. Мұны жақында құрбымнан естіген едім.
Тушьты ұзақ қолданбай қалсаңыз немесе аузы ашық қалып кетсе тез кеуіп қалады. Мұндай жағдайда оған түрлі сұйықтық қосып, сұйылтуға болады. Ол үшін алдымен тушьтың құрамын оқыңыз. Егер тушьтың негізгі құрамдас бөлігі парафин болса, тушь сауытын кішкене қыздырып көріңіз. Ол үшін стақанға ыстық су құйып, жабық тушьты суға салып қойыңыз. Артынан тушьты жақсылап сілкіңіз. Тушьтің негізгі құрамы су болса, оған бірнеше тамшы дистилденген немесе минералды газсыз су қосу керек. Суды бір тамшыдан тамызып отырыңыз, бір артық тамшы су тушыңызды құртып қоя алады. Сондай-ақ құрғап қалған тушьқа қарапайым көзге арналған тамшылар қосуға да болады.