Қонаққа төрт жілік тартқан бәйбіше
22-06-2022
Қонақ бөлменің интерьері керемет болуы үшін оны басынан бастаған жөн. Заттарды әдемілеп орналастырып, үйлестіру үшін жиһаз бен аксессуарларды талғаммен алу керек. Қонақ үйді жайластырудың әдісін рет-ретімен оқып шығыңыз.
1-қадам. Тізім Ең алдымен қонақ бөлмеге қажетті заттардың тізімін жасаңыз. Тізім (міндетті түрде қағазға жазылуы керек) дайын болған кезде оның ішінен ең қажеттілерін белгілеп қойыңыз. Енді затты неден бастап алу керектігін білесіз.
2-қадам. Қаражат мәселесі Қолыңызда нақты қанша сомма барын анықтаңыз. Бір нәрсені сатып алмас бұрын асықпай іздеңіз. Ақшаңызға сай екен деп үйлеспейтін жиһазды сатып алудан аулақ болыңыз. Қолжетімді дүниелердің ішінен де ерекше сәндегі нәрселерді табуға болады.
3-қадам. Заттың түсі Бөлмедегі заттардың түсі сіздің талғамыңыздан хабар береді. Сондықтан ауылдық, заманауи немесе классикалық стильде көрінуіңіз сол түстерге байланысты. Егер бөлмені жинақы, жылы көрсеткіңіз келсе-қызыл, қоңыр жылы түстерді таңдаңыз. Ал тыныш атмосфера үшін көк, жасыл түстер сияқты суық түстер қажет. Сондай-ақ жылы және суық түстерді аралас қолдануға болады. Егер түстерді үйлестіруден қиналатын болсаңыз, қолыңызға бояу мен қылқалам алып қағазды бояп көріңіз. Адам өзін жайлы сезінуі үшін бөлменің түсін дұрыс таңдаудың маңызы зор.
Тоңазтқыш пен газ плитаны қатар орналастыру Негізінде газ плита мен тоңазтқышты қатар қою қауіпті. Бірақ ас үй соншалықты тар болса, қатар қоймасқа амалыңыз жоқ. Ондайда екеуінің арасына фанер тақта қойыңыз. Тақтаның газ плита жаққа қарайтын бетін алюминий фольгамен қаптау керек. Ол тоңазытқышты жылудан қорғайды сондай-ақ электр сымдарының ақауы салдарынан болатын жайттарда қауіптің алдын алуға ықпал етеді.
Дереккөз: massaget.kz