Адам кейпіне еніп Құдайы қонақ болған періштелер

Oinet.kz 11-01-2022 3556

Екі періште адам кейпіне еніп, бір отбасыға құдайы қонақ боп барады.

Screenshot_3.jpg

Үй иесі қытымыр адам екен, қабағын түйіп жүріп етсіз, салқын ас беріп, есік алдындағы жұмыскерлер жататын ескі үйге төсек салып бере салады. Ұйықтап жатқанда бір періште қабырғадан тесік көріп қалып, бітеп қояды. Екінші періште себебін сұрағанда "Бәрі бір көргендей емес" деп жауап береді бірінші періште.

Екінші күні басқа үйге келеді. Бұл үйдің иелерінің қолы ашық, өздері де мейірімді жандар екен. Бала-шағаларына әрең жеткізіп отырса да, бар асын қонақтарының алдына тосып, қуықтай үйлеріндегі төсектерін қонақтарына босатып береді. Сол түні бұл үйдің жалғыз қасқа сиыры өліп қалады. Оны көрген үй иелері қайғыра жылайды, себебі тек осы сиырдың сүтін сатып күн көріп, бала-шағасын асырап отырған еді. "Бәрі бір көргендей емес" дейді бірден бірінші періште.

Жолда келе жатқанда екінші періште сұрайды:

-Алғашқы үйдің иесі өте сараң болды, әрі қонағын жақтырмайды екен. Бірақ сен оның тесігін жамап бердің.

Екінші үй иелері ақкөңіл жандар, жанын салмай күтті, бірақ сен жалғыз сиырын өлтірдің. Себебін түсіндірші,-дейді.

-Бірінші үй иесі сараңдығымен өз жолын өзі жауып тастады. Пейілі дарxандай кең болғанда, қабырғасында жасырылған алтынды тауып, байып кетер еді. Мен көңілім қалған соң қабырғаны мүлде бітеп тастадым.

Ал екінші үйге келсек, сол түні үй иесінің әйеліне Ажал келген болатын. Мен олардың жалғыз Сиырын құрбандыққа жіберіп, әйелді аман алып қалдым. Бәрі бір көргендей емес деуім сол еді ,-депті

Толстойдың Ислам діні жайлы жазған хаты
Баланы қай жаста сүндетке отырғызған дұрыс?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу