Ақылды арудың белгілері
Ақылды ару деген кім? Бірнеше тіл білетін, екі-үш дипломы бар, бизнесумен, аяулы ана, асыл жар ма? Оның қандай белгілері бар? Сіз өзіңізді жақсы білесіз Көңіл күйіңіз бен сыртқы келбетіңіз сізге тосын сый жасамайды. Қандай тағамдар өзіңізге жақпайтынын, артық салмақ қосуға апаратынын білесіз, осы ережені сақтанасыз. Тіпті шарап ішсеңіз де, келесі күні өзіңізді жақсы сезіну үшін қай кезде тоқтау керек екенін білесіз. Қандай типтегі адамдармен дос бола алмайтыныңызды да, ұжымда қандай адамдардан бойды аулақ салу керектігін де түсінесіз.
Барлық істі қатаң бақылауда ұстайсыз деген сөз емес, тек өзіңізді жақсы көресіз әрі дұрыс танисыз. Өзіңізді алдамайсыз Аса ауқымды істерді айтпағанның өзінде, майда-шүйде де өзіңізді алдаусыратпайсыз. Себебі мәселені сүрлеп қоюдың мәні жоқ, ерте ме, кеш пе оны шешу керек. Сондықтан оны үдете берудің қажеті қанша? Өзіңіздің және өзгелердің қателігі туралы қиялыңыз қаншалықты таяз болса, зардабы да соншалықты болмақ. Құлайсыз, тұрасыз, үстіңізді қағасыз, тәжіңізді түзеп аласыз да ары қарай бақытыңызға қарай қадам баса бересіз. Адамдарды тани аласыз Кім шын жүрегіндегі сөзді айтып тұр, кім жай ғана сізге ұнау үшін көлгірсіп сөйлеп тұр – мұны жақсы ажырата аласыз. Кім шынында да сіздің көмегіңізге мұқтаж, ал кім өзінде бар бола тұра сізді пайдаланып қалғысы келеді – оны да біліп тұрасыз. Барлық арманыңыз бен жоспарыңызды жігітпен байланыстырмайсыз Басқаша айтқанда, сіз оған «байланып қалмайсыз». Сүйікті жаныңыз бар болса да, әріптестеріңіз ішінде жақсы араласатын жігіттер болса да, қай кезде олардың көмегіне жүгіну керек екенін жақсы білесіз. Жігітке деген қамқорлығыңызбен оны «тұншықтырмайсыз» әрі оны өзгертуге тырыспайсыз. Жаныңыздағы жігітке «тыныс алу оңай», сіздің жаныңызда өзін жақсы сезінеді, қуаттандырып, қанаттандырып отырасыз. Өзіңізді қинамайсыз Бақытты сезінсеңіз – шын қуана білесіз, жағымсыз жай болса – мұңаясыз.
Эмоцияларыңызды жасырмайсыз, «бір адамдық театр» ұйымдастырып, өзіңізді көрсетуге де тырыспайсыз. Қиыншылықтарға төзе білесіз әрі одан сабақ аласыз. Өз мәселелеріңізбен өзгелердің басын қатырмайсыз. Бақылай білесіз Қиялдау мен шынайы жоспар құрудың аражігін ажырата аласыз. Әр идеяңызды есептеп, нәтиже шығарасыз: оны жүзеге асыруға бола ма, жоқ па? Болдыру үшін қазір іске кірісу керек пе әлде кейінге қалдыру қажет пе – осыны шешесіз. Бұл батылық жетіспеуі емес, өз өзіңізге әділетті болу. Қазіргі сәтпен өмір сүресіз Әрине, өткен естеліктер де қымбат, себебі ол сізге сабақ болды. Өткенді «былай болғанда ғой», «осылай болмағанда ғой» деп еске алмайсыз. Өткенді қайтару мүмкін емес, блолашақты да болжап болмайсыз. Сол себепті ақылды ару тәжін түзеп алып, ары қарай жүре беруді біледі. Нәзіктігіңізді сақтайсыз Ақылды бойжеткен батыл болса да, нәзік бола біледі. Стильмен киініп, оған лайық аксессуарлар таңдап, кеудесін тік ұстайды. Гүл берсе, еріксіз еліктіретін күлкімен қабылдай алады, мақтау сөздер мен сыйлықтардан да тартынбайды. Құрбысы мен анасына нені айтуға болатынын, нені сөз етуге болмайтынын да жақсы біледі.
Дереккөз: massaget.kz