Өзгенің мәселесіне ортақтасу қаншалықты дұрыс?

Oinet.kz 12-12-2016 874

Өзге адамдардың уайымына ортақтасып, мәселені шешуде өз септігін тигізу – адам бойындағы жағымды қасиеттердің бірі. Бірақ, бұл жағымды қасиетті қолданудың да өз орны бар. Өйткені, кейбір адамдар сіздің қамқорлығыңызға зәру емес, бар болғаны жағымсыз энергиясын сізге береді. Өмірде неше түрлі мәселеге жолығамыз. Әрине, жақындарымыз бен таныстарымыздың арыздарын тыңдауға тура келеді.  Жағымсыз әсері:  Кей адамдар кеңес сұрау үшін өз мәселесі туралы сөз қозғайды. Ал, кейбір адамдар өз бойындағы жағымсыз қуат көзін өзгелерге таратады. 

image.png

Бұның ара жігін айырып үйренген дұрыс.  Екінші санатқа жататын адамдар олардың толқынына қарсы жүзгеніңіз үшін сізді эгоист, тасжүрек деп мазалауы әбден мүмкін. Сізге кінә артып, қол ұшын созбағаныңыз үшін жазғырады. Дегенмен, сіз онымен  қиындығын бөліскенде тек қана "улы" ойлар мен жағымсыз көңіл-күйге ие боласыз.  Неге арызды тыңдап керек емес?  Өйткені, жиі арыз айтатын адам өмірін өзгерту үшін әрекет етпейді. Оның өмірде сомдайтын рөлі – өкпелі жан. Оның психотипі сондай, ол әлемді солай қабылдайы. Сіз тыңдаған соң қалай көмектесесіз? Оған көмек керек емес, бар болғаны сыртқа шығару керек. Ал, мақсатсыз әңгіменің мәні жоқ.  Дегенмен, адамға жағымсыз әсерін тигізетін нәрсе – әңгімелескеннен соң қалыптасатын оның өз ойлары.  Арызды жиі естісе не болады?  Біз энергиямызды түкке тұрғысыз нәрсеге құртамыз. Көмектескіміз келеді, бірақ, мәселе шешілмейді. Қайта-қайта көмектесуге ұмтыламыз, нәтижесінде біздің санамыз шаршайды. Сондықтан, арызданушы адамға кейде кінәлі өзі екенін айтқан да дұрыс.
Дереккөз: massaget.kz

Жас ата-анаға арналған қарапайым, бірақ маңызды кеңестер
Көп ойланудың зардабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу