Сатыбалды Тілеуұлының туғанына - 140 жыл
03-05-2023
Дүкендер жыл сайын мерзімдік жаппай сатылымдар жасайды. Қалай қажет емес киім алмауға және ақшаны бекерге құртпауға болады? Дүкенге жаппай сатылымның бастапқы күндерінде барыңыз. Сол кезде әлі де түрлі таңдау болады. Бірақ, кейде жаппай сатылымның соңғы күндеріне қарай жеңілдік 70%-ға дейін максималды түріне жетеді. Ол кезде аз ғана ассортимент және өтімсіз өлшемдер қалады. Жаппай сатылым сізге таныс дүкенде болса, жақсы болады. Жақсы киімдерді тиімді сатып алуға мүмкіндік бар. Себебі, сізге ассортимент таныс. Бұрын көздеп жүрген киіміңіз болса, оның қазір шынымен де 30% жеңілдікпен тұрғанын білесіз. Егер дүкен таныс емес болса, дұрыстап қараңыз. Әрдайым үлкен жеңілдік туралы жазу шындыққа сай келмейді.
Жеңілдігі бар тауар бар, бірақ барлық ассортиментке емес. Жеңілдіктер – сатып алушыны тауарды төмен бағамен алуға шақыру. Ол шынымен де солай ма? Кейде киімнің бағасы бастапқыда көтеріліп қойылады да, жеңілдік кезіндегі шын бағасына түсіреді. Адамдардың дүрлікпесіне берілмеңіз. Сатып аларда киімнің барлық ерекшеліктеріне мұқият қараңыз, ақаудың бар-жоғын, тігісін тексеріңіз. Сауданың өз құпиялары бар, сатушылар көп жағдайда шешім қабылдауға аз уақыт береді. Сондықтан асыққан кезде, ол киімнің шынымен керектігін дұрыстап ойланбай, ала салады. Содан кейін ол киім киілместен үйде ілініп тұрады. Тәжірибелі дүкен құмар адамдардың айтуынша, жаппай сатылымға барарда аяғыңызға өкшесі жоқ ыңғайлы аяқ киім, үстіңізге киіп-шешуге оңай киім кию қажет. Сөмкеңізге су және жеңіл-желпі тамақтану үшін алма немесе шоколад салып алыңыз. Иә, қарныңыз ашқаннан да асығыстық танытып, қажет емес киім таңдауыңыз мүмкін. Тек биылғы сәндегі киімдерді ғана таңдамаңыз, ол көп ұзамай қайтадан сәннен шығып кетуі мүмкін. Оның орнына өзіңізге жарасатын, стиліңізге сай келетін киімдерге көз салыңыз.
Дереккөз: massaget.kz