Балаға дамытушы кілемшені дұрыс таңдайық

Oinet.kz 12-12-2015 912

Балаларға арналған дамытушы кілемше – бірнеше алынбалы ойыншықтардан тұратын және түрлі түсті маталардан жасалған ойыншық. Бұл кілемшеде ойнау сенсорлық координацияны қалыптастыруға негіздейді, кеңістікте бағытталуды үйренуге көмектеседі, ұсақ және ірі моториканы, көру және қозғалу функциясын арттырады. Осындай ойыншықты балаға қалай таңдау керек. 

image.png

1. Балаға дамытушы кілемді таңдау кезінде жас ерекшелігі туралы ақпаратқа көңіл аударыңыз. Еңбектей алатын бала үшін, классикалық кілемше жарайды. Себебі, ол ішімен жата алады, және төменгі бөліктерде орналастырылған ойыншықтармен ойнай алады. Ал егерде бала арқасынан ішіне аунай алмайтын болса, онда керісінше ернеулері бар кілемше алу керектігін ойланғаныңыз жөн. Ал 2-3 айлық балаларға әртүрлі қызықты ойыншықтары бар қарапайым кілемше жеткілікті. 

2. Кілемшенің ыңғайлы өлшемі мен оңай жиналу және жолға бірге алу мүмкіндігінеде көңіл бөліңіз. 

3. Кілемше жасалған материал бала денсаулығы үшін қауіпсіз болуы керек, ең абзалы табиғи материалдардан жасалған түрін таңдағаныңыз абзал. 

4. Балалар барлық заттарды аузына салып көргенді ұнатады, себебі алғашында олар қоршаған ортамен осылайша танысады. Сол үші материалдың және тігістерінің беріктілігін тексеріп көріңіз. 

5. Жинақтағы ойыншықтардың саны бестен кем болмауы керек, және оларды ауыстырып тұру мүмкіндігі қарастырылу керек. Баланың қабылдауын дамыту үшін ол әртүрлі материалдардан жасалуы тиіс. Кейбір фирмалар, кілемшеге қосымша жекелей ойыншықтарда шығарады. 

6. Кілемшенің барлық элементтері, бала жұтып қоймайтында жеткілікті ірі болуы маңызды. 

7. Егерде кілемше үлгісі дыбыстық эффектілерден тұратын болса, онда міндетті түрде дыбыс сапасын тексеріп, әуендерін тыңдап көріңіз. Әуендер тым қатты дыбысты болмау керек. Әуен құлаққа жағымды, тыныштандыратын болғаны дұрыс. 

8. Сонымен қатар, ілінген ойыншықтардың жоғары сапалы пластиктен жасалғанына және жағымсыз иіс шығармайтынына көз жеткізіп алыңыз. Балаларға тауарды алу кезінде олардың қауіпсіздігіне көз жеткізіп, және сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификаттары бар, тексерілген өндірушіден ғана алған дұрыс.

Дереккөз: tarbie.kz

Нәзіктік – осалдық емес
Балалар бөлмесіне қандай үй гүлін қоюға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу