Тойға дайындық: қонақтар тізімі
«Той десе қу бас домалайды». Қазақ қай үйде қазан қайнаса, сол үйден табылғысы келіп отырады. Бірақ қазіргі нарық заманында адамдардың пейілі тарылып бара жатқандай. Сырт келбеті мен сыйлығына жұмсайтын ақшаға алаңдап, ішкі әлемінің қаншалықты сараң екенін көрсетіп алады. Сондықтан өзгені де, өзіңізді де босқа әурелеп, қинамай, тойыңызға сіз үшін ештеңе аямайтын шын жанашырларды ғана шақырыңыз. Қонақтар туралы мына сұрақтарға жауап беріңіз. — Ол сіздің туысыңыз ба? — Иә. — Шақырмасаңыз ренжи ме? — Жоқ. — Шақырмаймыз! — Шақырмасаңыз ренжи ме?
— Иә. — Шақыру керек. — Ол сіздің әріптесіңіз не досыңыз шығар? — Иә. — Онымен түсінігіңіз бірдей ме? — Жоқ. — Сізді тойына шақырды ма? — Жоқ. — Шақырмаймыз. — Онымен түсінігіңіз бірдей ме? — Иә. — Тойыңызды қызықты өткізуге атсалыса ма? — Иә. — Шақыру керек. — Ол сіздің жай танысыңыз ба? — Иә. — Кемінде 6 ай сайын сөйлесіп тұрасыз ба? — Иә. — Тойыңызды қызықты өткізуге атсалыса ма? — Иә. — Шақыру керек. — Кемінде 6 ай сайын сөйлесіп тұрасыз ба? — Жоқ. — Тойыңызды қызықты өткізуге атсалыса ма? — Жоқ. — Шақырмаймыз. Осы тізімге енген қонақтарға жүрдім-бардым айта салмай, өзіңіз арнайы хабарласып, шын ықыласпен күтетініңізді айтсаңыз, келеді. Ал шақырылмаған адамдарға "Жоқ" дегеннен кейінгі дәйектерді келтіріп, өзіңізді ақтап ала аласыз.
Дереккөз: massaget.kz