Әр дәрігер оқуға тиіс кітаптар

Oinet.kz 05-12-2019 3526

Бүгінгі таңда медицинадағы  шалалық, таяздық кітап  оқымаудан деп айтады. Жалпы қоғамда кітап оқу процессі төмендегенін көріп отырмыз. Медицина саласында жазылған кітаптың дені орыс тілінде. Медицинаның тілі ауыр,  атау, терминдері көп боған соң  қазақ тілінде дегендерінің  өзін түсініп оқу үшін көп күш жұмсауға тура келеді. Дегенмен, екінің бірі дәрігер бола алмасы анық. Ол үшін дәрігерлік қызметке деген қызығушылық пен мамандық алу жеткіліксіз. Жуырда  «Rjob» ақпараттық порталы кез-келген дәрігер оқуы тиіс 15 кітаптың тізімін шығарды. Сіз де тізімдегі кітаптармен танысып шығыңыз:

Screenshot_20.jpg

Михаил Булгаковтың «Записки юного врача», «Морфий», «Собачье сердце» атты шығармалары медицина саласына арналған тамаша туындылар. Шығармада жас дәрігердің тәжірибелері, сонымен бірге оның есірткіге тәуелді өмірі суреттелген. Ал, келесі шығарма «итті адамға айналдыру» жолындағы эксперимент туралы. Булгаковтың осы екі шығармасы болашақ дәрігерлер үшін жақсы сабақ. 

Андрей Ломачинский «Криминальные аборты», «Рассказы судмедэксперта», «Курьезы военной медицины и экспертизы» шығармалары дәрігерлердің көңілінен шығатын қызықты әрі  онда тәжірибеде жиі кездесетін фактілер көрсетілген. Сарапшылардың айтуы бойынша Ломачинский шығармалары еуропа елдеріндегі дәрігерлердің сүйіп оқитын кітаптардың бірі болып табылады.

Артур Хейли «Окончательный диагноз». Бұл туынды реалистік тұрғыда жазылған шығарма. Оқиға желісі дәрігердің қателіктері үшін көз жұмған науқастар жайында өрбиді. Адам өміріне бей-жай қарайтын дәрігерлердің тәжірибесі көрсетілген. Кітап қателіктерден қорытынды шығаруға үйретеді. 

Санджай Гупта «Тяжелый понедельник». Санджай нейрохирург және медицина саласындағы журналист болып жұмыс істеп жүріп кітап жазады. Автор классикалық жанр бойынша дәрігерлердің күнделікті өмірі жайлы ой қозғайды. Кітапты оқыған кезіңде өзіңді дәрігер ретінде сезініп кетуің ғажап емес. Роман желісі бойынша телехикая түсірілген. Өкінішке қарай, «Доктор Хаус», «Клиника» сияқты рейтингісі жоғары болмады.

Федор Углов «Сердце хирурга», «Под белой мантией». Әлемге әйгілі хирург дәрігер, профессор, ғылым докторы  Федор Углов 103 жасқа келіп көз жұмады. Танымал хирургтың туындысын  кез-келген дәрігер күнделікті жұмысында пайдаланатын көмекші кітап. Хирург дәрігерлер міндетті түрде оқуы тиіс кітап.

Юрий Герман «Дело, которому ты служишь», «Дорогой мой человек», «Я отвечаю за все». Кеңес одағы кезінде танымал  болған «Дорогой мой человек» туындысына 1958 жылы фильм түсірілген. «Я отвечаю за все» шығармасында дәрігердің адам өміріне жауапты бірден-бір тұлға екендігі жазылған. Дәрігер жұмысының қиындығы мен қызығы қатар жүретінін көрсететін күрделі еңбек. «Дело, которому ты служишь»  романы дәрігерлерді мамандығын құрметтеуге шақырады.

Оливер Сакс «Человек, который принял жену за шляпу». Оливер медицина саласына  танымал невролог және нейрохирург дәрігер болған. Кезінде өзі де бас ауруына шалдыққан. Алайда, ауру Оливерге кітапты жазуына кедергі болған жоқ. Керісінше науқастарға орталық нерв жүйесі, менингит, ми ауруларына байланысты қажетті ақпараттар жазылған.

Джеймс Уайт «Космический госпиталь». Шығармада ксенофобия-діні салт дәстүрі, ұлты бөлек жандардан қорқу туралы жазылған. Бірақ науқастарды дінге, ұлтқа бөліп жаруға болмайды делінген. Дәрігердің  ең бірінші мақсаты адамның өмірін құтқарып қалу. Автор фентези жанрында жазған. Яғни таңғажайым галактика, жұлдыздар, дәрігерлердің өмірі жайында.

Еңбек демалысында балаңызға сақ болыңыз...
Енеге айтуға болмайтын сөздер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу