Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
2020 жылы адамдар уақытын сыртқы келбетін сәндеуден бұрын ішкі дүниесіне, денсаулығына, пайдалы нәрселерге жұмсайды.
Жеңіл түстер
Жаңа жылда трендте тек жеңіл түстер болады. Адамдар өзін-өзі көрсету үшін, жеңіл сезінуі үшін 2020-да ашық, қанық түстердің орнын қоңыр және ашық қоңыр түс алмастырмақ.
Кейбір сән үлгілері бізбен ұзақ уақыт қалғанымен мүлдем жаңа пайда болады. Келесі жылдың сән үрдістері өткен жылдардан айтарлықтай өзгеше болады.Көшеде көйлек-жейде киген сұлулар басым болады. Адамдар әр түрлі түсті араластырып кимеуі мүмкін. Себебі 2020 жылы бір түсті киімдер немесе бір қанық түсті киімге акцент беріледі.
Фисташка және зәйтүн түстері сырт киімдерге свитерлер үшін трендте болады.
Ал пальтолардың түсі қанық болады. Мысалы, сары, қызғылт-сары деген секілді ерекше қанық түстер трендте болады.
70-ші жылдардағы стиль қайта келеді.
70-ші жылдардағы хиппи стиліне тән көптеген дизайндар мен материалдар сәнге оралады. Тоқылған юбка мен жейделер сәнде болмақ. Әйнегі кішігірім көзәйнектер трендте болады.
2020 жылы адамдар өзінің денсаулығына көбірек уақыт бөледі.
Жаңа жыл диета ұстап, дұрыс тамақтанамын деушілерге қолайлы жыл болмақ. Адамдар ащы сусындардан бас тартып, тәттілер мен қантты жеуді тоқтата бастайды.