Қарыздан құтылу үшін оқылатын дұға
Бiр күнi Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешiтке кiрген бетте Әбу Умәмә есiмдi ансарлардан болған бiр кiсiні көрiп, оған: «Ей, Әбу Умәмә, сенi намаздың уақытынан тыс кезiнде мешiтте мына күйде отырғаныңды көретiндей не жағдай болды?» деп сұрағанында, ол: «Я, Расулуллаһ! Бұған себеп басымдағы қарызым мен күйзелiсiм» деп жауап бердi. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «(Олай болса) таңертең және кешке (Алла Тағаладан): «Я, Тәңiрiм! Күйзелiс және қайғыдан, әлсiздiк пен жалқаулықтан, қажырсыздық пен сараңдықтан, қарызға бату мен адамдардың ашуынан өзiңнен пана тiлеймiн)» деп дұға ет дедi. Осы оқиғадан кейiн Әбу Умәмә былай дедi: “Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанындай қылдым. Алла Тағала уайымдап, абыржығанымды кетiрiп, қарызымды өтеуiмдi нәсiп еттi. (Әбу Дәуіт).
Дұғаның оқылуы:
Аллаһумма! Инни әъузә бикә минәл-һамми уәл-хузни, уә әъузә бикә минәл-ъажзи уәл-кәсәл, уә әъузә бикә минәл-жубни уәл-бухл, уә әъузә бикә мин ғоләбәтид-дайн, уә қаһрир-рижәәл.
- Табиғин мухаддистерінен болған Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:
Бір күні Хазіреті Әлидің (Оған Алла разы болсын) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:
Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, – дейді. Сонда Әли:
Қаласаң, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстіңде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді, – деп мына дұғаны үйретті:
اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ
Аллаһуммәкфинии би хәләликә ‘ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә ’әммән сиуак
Мағынасы:
Алла Тағалам! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!